05 Сәуір, 2016

Дәмхананың қабырғасы құлап, екі адам қаза тапты

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-04-2016 turkishАСТАНА. 5 сәуір. Түркияның Ыстамбұл қаласындағы саябақтардың бірінде дәмхананың қабырғасы құлап, екі адам мерт болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ыстамбұл орталығындағы оқыс оқиғадан жарақат алғандар мен қиранды астында қалғандардың саны әзірге белгісіз», – деп AnadoluAjansi агенттігі мәлімдеді. Ал куәгерлердің айтуынша, екі адам зардап шеккен. Құтқарушылар үш адамның өздері шыққанын, ал екеуін қиранды астынан алып шыққандарын айтты. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: 24.kz.