09 Сәуір, 2016

«Оқжетпес» – Ұлттық лига чемпионы

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_8692Көкшетау қаласының «Оқжетпес» баскетболшы қыздар командасы ел чемпионатында алтын медальды жеңіп алды. Ұлттық Лига чемпионы атағын Щучинск қаласында «Оқжетпес» пен елорданың «Астана барыстары» бас­кетболшы қыздары сарапқа салды. Тартысты өткен алғашқы ойында «Оқжетпес» қарсыластарына 75:85 есебімен есе жіберді. Келесі ойында көкшетаулықтар 86:82 есебімен басым түсті. Ал соңғы кездесуде «Оқжет­пестің» қыздары шебер ойын өрнегін көрсетіп, «Астана барыстарын» 92:72 есебімен ойсырата ұтты. Сөйтіп, олар Қазақстан Республикасы Ұлттық лигасының чемпионы атанды. «Оқжетпес» бұдан бұрын, 2006 жылы, алғаш рет алтын медальды жеңіп алған болатын. Осы жолы «Оқжетпестің» капитаны Евгения Спитковская маусымның үздік шабуылшысы, оның командаласы Алина Ягупова маусымның үздік ойыншысы арнайы жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, аталған чемпионатта Ақмола облысының екінші құрама командасы Павлодардың «Ертіс» баскетболшы қыздарымен қола медаль үшін жарыста жеңіп шықты. «Оқжетпес» командасының бас­ке­т­болшы қыздары жарыс аяқта­лысымен қызу жаттығуға кірісіп кетті. Олар 8-10 сәуірде Мариамполь қала­сында өтетін «Балтық лигасы» чем­пионатының ақтық бәсекесіне қатысады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.