Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Бішкек қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың келешегіне арналған форумға қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Сенатор өз сөзінде ЕАЭО-ға қатысушы елдер үшін ықпалдастықтың басымдығын атап өтіп, бұл аймақтық бірлестіктің елеулі экономикалық әлеуеті бар екеніне назар аударды.
А.Бижанов қазіргі кезде осы ықпалдастық жобасының қызмет етуі үшін салмақты құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Оның негізін Еуразиялық экономикалық одақ туралы, Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасының ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы және басқа да шарттар құрайды. Сенатордың айтуынша, 2015 жылдың басынан бері 600-ге жуық құжат қабылданды, олардың басым көпшілігі өнеркәсіп, энергетика, көлік және басқа да салаларды қамтиды.
Мұндай ықпалдастық, қазіргі кездегі жағдайға жауап беретіні даусыз және уақыттың талабына жауап болып табылады, тараптардан ЕАЭО аясында да, одан тыс та экономикалық ынтымақтастықты одан сайын үдетуді талап етеді, деді А.Бижанов.
Сенатор ЕАЭО-ның Еуропа мен Азиядағы мемлекеттермен және түрлі ықпалдастық бірлестіктерімен, оның ішінде ШЫҰ-мен еркін сауда аймағын құру туралы мәселеде ынтымақтастықты дамытудың тартымды келешегі туралы айтты. Оларға да шекаралық аймақтағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара парламентаралық іс-қимылын тереңдету қажеттігі де атап өтілді.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше