16 Сәуір, 2016

Ынтымақтастыққа ықылас зор

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ба­қыт­жан СағынтаевҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы және ауылдық өңірлерді дамыту жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан Респуб­ликасы-Еуропалық одақ желісі бойынша өзара іс-қимылдардың жағдайы мен перспективаларына, соның ішінде, 2015 жылдың 21 жел­тоқсанында қол қойылған Ке­ңей­тілген әріптестік және ын­ты­мақтастық туралы келісімге қа­тыс­ты мәселелер ауқымын талқылады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Еу­ро­палық одақтың Қазақстанның сыртқы саяса­ты­ның маңызды векторларының бірі және сауда-эконо­микалық өзара іс-қимылдардың басым бағыты болып табылатынын атап көрсетті. Бақытжан Сағынтаев Кеңей­тілген әріптестік және ынтымақ­тастық туралы қол қойылған келі­сімнің Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси, эконо­ми­калық және мәдени байланыстарды жан-жақты дамыту үшін берік негіз қалауды мақсат ететінін атап өтті. Құжат екіжақты өзара іс-қимылдар үшін, соның ішінде аграрлық азық-түлік саласында, ауыл шаруа­шылығын дамытуда, азық-түлік қауіпсіздігі саласын­дағы өзекті сын-тәуекелдерді шешуде жаңа мүмкін­діктер ашады. Өз кезегінде Фил Хоган ауыл шаруашылығы са­ласында ынты­мақ­тастықтың кең ауқымды перс­пек­тивалары бар екенін атап өте отырып, Қазақстан мен Еуроодақ арасын­дағы үнқатысудың даму динамикасына оң баға берді. Сондай-ақ, Еуропалық комис­сар Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келі­сім­нің сауда-инвестициялық бағыт­тардағы өзара іс-қимылдарды бұрынғыдан бетер нығайта түсеті­ніне сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бо­йынша тараптар ауыл шаруа­шылығы саласындағы, агро­өнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асырудың кешенді мәселелерін сындарлы талқылауды одан әрі жалғастыра беруге ниетті екендіктерін растады.