Кеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Христеаны қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Мейман Б.Ізмұхамбетовті Мәжіліс Төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, осы жауапты жұмыста табыс тіледі.
Палата Спикері атап өткендей, Еуропалық одақпен әріптестік байланысты кеңейту әрі тереңдету біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда ғана Брюссельге сапармен барып қайтқаны дәлел бола алады.
Кездесу иелері Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында қол қойылған Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісімді сөз етті. Аталған құжат Парламент Сенатында ратификацияланып, үстіміздегі жылғы 25 наурызда Президенттің қолы қойылды. Тараптар бұл келісімнің Қазақстан мен ЕО халықтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар, екіжақты және көптармақты байланыстарын нығайтуға ерек-
ше серпін беретініне сенімді.
Б.Ізмұхамбетов сауда-экономикалық байланысты сөз ете келіп, Еуроодақ Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі екенін айтты. Мәселен, 2015 жылы Еуроодақпен сыртқы сауда 31 млрд. АҚШ долларын құраған. Соңғы 10 жылда қос тарап арасындағы тауар айналымы 13 есе, ал еуропалық инвестиция көлемі 10 есе өскен.
Мәжіліс Төрағасы шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан ұсынып отырған қосымша ынталандыру шараларына тоқталды. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Еуропалық одақпен визалық режімді оңайлатудың өзектілігін алға тартып, өкілдік басшысын қолдау көрсетуге шақырды.
Палата Спикері елшіні Мәжілістің жаңа құрамымен таныстыра келіп, Қазақстан Президентінің 5 институттық реформасын заңнамалық қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Мәжіліс еуропалық әріптестерімен қайтадан құрылған «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын. Сондай-ақ, бюро отырысында мүдделі мемлекеттермен, соның ішінде Еуропа елдері парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтардың жаңа құрамы бекітілді.
Өз кезегінде Т.Христеа екі тараптың ықпалдастық келісімдерін жүзеге асыруға белсене араласатынын айтты.
Б.Ізмұхамбетов әңгіме барысында 22 наурызда Брюссельде болған лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айту білдіріп, бұл қатермен күресте Қазақстан Еуропа елдерін толықтай қолдайтынын жеткізді.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше