16 Сәуір, 2016

Ұлттың ұлы тұлғасы ұлықталды

1077 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
KMS_1443Ұлтымыздың және күллі түркі әлемінің тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және «Алаш мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. ЮНЕСКО шешімімен әлем­дік деңгейде атап өтілетін Әли­хан Бөкейхановтың туға­­нына 150 жыл толуы құр­меті­не арналған іс-шара Ал­ма­ты қа­л­а­сында тұсауын ке­сіп, оған Мем­лекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Парламент Сена­ты­ның депутаты, Қазақстан Жазу­­шылар одағының төр­ағасы Нұрлан Оразалин, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­теті­нің ректоры Ғалым Мұтанов және елімізге белгілі ға­лымдар, бі­лім мен мәдениеттің көрнекті өкіл­дері қатысты. Іс-шараның шымылдығын түре отырып, Ғ.Мұтанов Әлихан Бө­кейхановтың азаматтық ұстанымы мен өмірлік мақсаты тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болғандығына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде «ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университеттерінің профессорлары Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының қайраткерлері күрескен тарихи кезеңге «Мәдени ренессанс дәуірі» деген баға бергенін, Әлихан Бөкейхановтың, Сұлтанмахмұтша айтқанда, «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» ұлт қайраткері екендігіне баса назар аударды. Кезінде Әлихан Нұрмұхамедұлы «Алған білімін өз халқының өмірімен бірлестіре алған адам ғана бақытты, оның жиған білімі баянды», деген келелі ой айтқанын тілге тиек ете келіп, еліміздегі көшбасшы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай ұлы тойдың басы-қасында болу мәртебесіне ие болғандығын атап өтті. Г.Әбдіқалықова өзінің алғы­сөзінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен дамуына арнағанын атап өтті. «Алаш» ұранды ұлт қайраткерінің ұлт-азаттық қозғалыс басшылығына келіп, ұлттық мемлекетті қайта жаңғырту қажеттілігі идеясының негізін қалап, мақсатқа жету жолдары мен негізгі міндеттерді айқындағанын айта отырып, кезінде Бөкейхановтың қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуын, оның әрі қарай дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттері ұлттық тарих ше­жіресіне алтын әріптермен жазы­латындығын баса айтты. – Ұлтымыздың аса көрнекті тұл­ғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың арысы Әли­хан Бөкейхановтың өмірі мен қыз­меті бүгінгі және келер өскелең ұрпаққа үлгі. Бейбіт кезеңде күн кешіп отырған ұрпақтың бақы­тына бұйырған ел Тәуелсіздігі жо­лын­дағы ұзақ та тағдырлы күрестің маңызды белесі ол – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысымен тікелей байланысты екені ақиқат. Бабалар аңсап өткен, өмірлік мақсаты тұтқан тәуелсіздіктің толайым жетіс­тіктері мен батыл қадамдарын жүзе­ге асырып отырған бүгінгі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың сындарлы саясаты аясында біз өткенімізді түгендеп, өшкені­мізді жағуға зор мүмкіндік алып отырмыз, – деді Гүлшара Нау­ша­қызы өзінің құттықтау сөзінде. Мемлекеттік хатшыдан кейін сөз алған Б.Байбек баба­лар ама­на­тының адал сақтау­шысы, мемлекет және қоғам қайрат­кері Әлихан Бөкейхановтың туға­нына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған кон­ферен­ция­ның жұмысына қала жұрт­шылығы атынан сәттілік тіледі. – Артында өшпес із қалдырған Бө­кейханов тұжырымына сүйен­сек, толық ұлттық тәуелсіздікке қол жет­кізетін жалғыз жол – ұлт­тық мәдениетті ел жадында, бол­мысында сақтай отырып, жал­пы қоғамды заман талабына сай озық өркениеттер үлгісін­де дамыту болмақ. Ата-бабала­ры­мыз аңсаған азаттыққа қол жеткіз­ген халқымыз сабыр мен салиқа­лы­лықты ту еткен Елбасы саяса­тының арқасында елдік тұғырын нығайтып, бүгінде тамырын сонау терең ықылымдардан тартқан «Мәңгілік Ел» идеясына ұласты, – деген қала басшысы қазіргі таңда ұлт мәдениеті мен ел өркениетін дамытуға үлес қосып отырған қала жұрт­шылығы мен іскер топтардың қол жеткізген жетістіктеріне тоқта­лып өтті. Конференция жұмысы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен елі­міздің тәуелсіздік алуына өл­шеу­сіз үлес қосқан қозғалыс көш­бас­шы­ларының мұрасын қалың көп­шілікке кеңінен насихат­тады. Азаттықты аңсаған бабалары­мыз­дың ұлы мұраты Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жүзеге асып, сындарлы сая­­сат жүргізіп отырған Мем­ле­кет басшысының ұсынған «Мәң­­гі­лік Ел» идеясы кешегі арыс­­тарымыздың ұстыны болған «Алаш» қозғалысының негізгі ұс­та­нымы – қазақ халқының бос­тан­дығымен тығыз үндесіп жатқан­дығы айтылды. Ғылыми-тәжірибелік кон­фе­­ренцияның пленарлық мәжі­лісінде М.Әуезов атын­да­ғы Әдебиет және өнер инс­ти­туты­ның директоры Уәлихан  Қалижанұлы «Ұлттың ұлы тұлғасы», Білім және ғылым ми­нистрлігі жанындағы Тарих және этнология институтының ди­рек­торы Хангелді Әбжанов «Ә.Бөкейханов және ұлт­тық тарихты зерттеу методоло­гиясы»,  Ұлттық ғылым акаде­мия­сының корреспондент-мүшесі,  тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді «Әли­хан Бөкейхан – Қазақ ұлттық қоз­­ғалысының көсемі» деген тақы­­рыптарда баяндама жасады. Тәуелсіздікті көксеп өткен асыл азаматтың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген іс-ша­ра аясында «Алаш» қозғалысы тура­лы деректі фильм көрсетіліп, Әли­хан Бөкейханов шығар­машы­лығы мен «Алаш» қозғалысы тура­лы кітап көрмесі мен Мұхамед­жан Сералиннің «Айқап» журна­лының жалғасы болып  саналатын жаңғырған «Айқап» басы­лы­мының тұсаукесер рәсімі ұйым­дастырылды. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ