16 Сәуір, 2016

Тоғыз жасар рекордшы

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Амир МахметАстана қаласында қолмен жерден көтерілуден 9 жастағы оқушы бала Әмір Махмет тағы да балалар арасында әлемдік және Қазақстан бойынша абсолютті рекорд жасады. Бұған дейін Ә.Махмет КИиЭС Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордшысы болған еді. Алғашқы үлкен жетістігін ол былтыр Street Workout бойын­ша жазғы маусымның ашылу салтанаты кезінде жерден 450 рет қолымен көтеріліп жасаған болатын. Екінші көрсеткішін Ақмола облысының чемпионатында 30 минутта 50 рет көтеріп жасаған. Ал үшіншісінде, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы кезінде кеудесімен жерден 550 рет көтерілді. Ол «планка ұстау» спорттық жаттығуын 60 минут бойы жасап, төртінші рет абсолютті рекордты жаңартты. Бір қара­ғанда, оқушы баланың кеудені жерден 550 рет көтере алады дегенге сену қиын. Ал «планка ұстау» спорттық жаттығуын 60 минут бойы жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйт­кені, дайындығы жоқ адам «план­каны» екі минуттай, спорт­шы бес минуттай ғана ұстай алады. Ә.Махметтің туған-туыс­тары оның рекордын Гиннес-тің рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш беретіндерін айтты. Ал баланың өзі жаңа рекордын 23 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегіне арнайтынын жеткізді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»