АСТАНА. 16 сәуір. Өткен түні Жапонияның оңтүстік-батысында жер сілкінісінен тағы 19 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кумамото префектурасының полиция басқармасы аталған аймақта соңғы екі тәулік ішінде барлығы 28 адам мерт болғанын мәлімдеді.
Шұғыл түрде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга 80 адамның ауруханаға жатқызылғанын әрі олардың жағдайы тым ауыр екенін айтты. Сондай-ақ, 2 мыңға жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған.
Айта кетейік, Кюсю аралында 16 сәуірге қараған түні магнитудасы 7,3 баллға жеткен зілзаланың кезекті бір толқыны тіркелді. Бұл маңайда осымен екінші күн қатарынан жер асты дүмпуі болды. Ал ұлттық метеорологиялық басқарма бұл жағдай әлі бір аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Табиғат апаты әсіресе, Минамиасо елді мекеніне үлкен шығын әкелді. Аймақта жер сілкінісінен бөлек бірнеше рет сел жүріп өткен. Алдын ала мәлімет бойынша, осының салдарынан кем дегенде 11 адам мерт болды. Құтқарушылар қолдарынан келгеннің бәрін істеуде. Сондай-ақ, аталған аймақта Куро өзенінің үстіне салынған 200 метрлі «Асо» көпірі қирап қалған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.
• 16 Сәуір, 2016
Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 28 адамға жетті

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше