20 Сәуір, 2016

Жылдар белесіндегі берекелі істер

497 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
логотип к 25 летию ДНК-1Тәуелсіз Қазақстанның көркейген келбетіне ажар беріп, абыройын биіктете түсетін игіліктердің бірі – еліміздің өркендеуіне өздерінің сүбелі үлесін қосып келе жатқан еңбек тұғырындағы толайым табыстарымыз бен елеулі жетістіктеріміз. Еліміздің қоғамдық-саяси дамуымен, өзгерістерімен, жаңартуларымен қатар қозғалысқа түсіп, еңбек етіп келе жатқан саланың бірі – республикалық Ардагерлер ұйымы деп айтуға әбден негіз бар. Құрылғанына 30 жылға жуық уақыт болған іргелі ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігі талапқа сай, іс-шаралары ауқымды әрі мазмұнды. Алдыңғы толқын ардагерлердің қолдауымен өтетін ел Прези­дентін, Парламент депутаттарын, жергілікті билік органдарын сайлау – мемле­кеттік ірі іс-қимылдарға қозғалыс беретін маңызы зор, ауқымы кең саяси оқиғалар. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс­тің 70 жыл­дығы, Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, т.б. ел өмірінде өтіп жатқан ма­ңызды оқиғалардың барлығы қарттардың үн қосуымен өтіп, еліміздің ілгері дамуындағы көзге түсетін елеулі артықшылықтар екенін танытты. Омирзак ОзганбаевЕлбасының Қазақстан халқына жыл сайын арнайтын Жолдауына сәйкес жасалған іргелі іс-қимыл­дардың тұрақтылығының нәти­жесінде тәуелсіздігіміздің тұғы­ры биіктеп, әлеуметтік-эконо­микалық жағдайы өркендеп келе­ді. Оған нақты дәлел, бүгінгі экономикалық дағдарыс ке­зін­де қиыннан қиыстырып, ты­ғырықтан шығудың амал-айласы қарастырылған. Өндірістердің бұ­рынғы қалпынан ажырамай жұмыс жасап, кәсіпкерліктің өз ырғағынан жаңылмауы осының дәлелі. Ел өміріне қатысты осы ай­тулы оқиғалардың, іс-шара­лардың шеңберінде ардагерлер ұйым­дарының қалдырған өз ізі бар. Қазақстанның осы уақытқа дейінгі өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып, халықты тәрбиелеуге, жас­тар жасайтын игілікті істердің баян­ды болуына жол көрсетіп тұруға әбден дағдыланған қариялар сая­си қозғалыстан сырт қалған емес. Тәуелсіз еліміздің өмірінде маңызды рөл атқаратын қоғамдық іс-шараларға өз үндерін қосып, бай тәжірибелерін үлгі ретінде көрсетіп келеді, әлі де көрсете бермек. «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген тұшымды сөз осы істерге қарап айтылса керек. Негізі 1987 жылы қаланған рес­публикалық ардагерлер бірлес­тігі­нің құрылуы зейнеткерлік жастағы қария­лардың көптеген өзекті мәсе­лелерін шешуге көмектесті. Атап айтқанда, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, материалдық жағдайын жақсарту, халықпен байланысын нығайту, патриоттық ба­ғытта жастармен жұмыс істеу, т.б. тәрізді шаралардың жүйелі түр­де жолға қойылуына ықпал жасады. Бай тәжірибе негізінде қол жеткізген ұйымның үлкен жетіс­тіктері бірлестіктің беделін көтеріп, атағын танытты. Қазақстанда тұра­тын 1,7 миллион ардагерге қыз­мет көрсететін іргелі мекеменің құ­рылымын еліміздің барлық зей­неткерлерінің 85 пайызы құрайды. Ұйымның құрамында 16 өңірлік, 216 қалалық және аудандық – барлығы 9960 бастауыш бөлімшелері бар. 40 мыңға жуық белсенділер еңбек ететін Ардагерлер ұйымының және оған қарайтын бөлімшелердің беделін көтеріп отырған мол тәжірибесі бар, ел болашағы үшін жаны ашитын, білімді, білікті азаматтар. Алтыншы съезден кейін Орталық кеңес өз жұмысына қазіргі заманның талаптарына сай, адамдардың қо­ғамдық санасында бо­латын өзге­ріс­терге ай­тарлықтай жауап беретін, істің жай-күйін объективті түрде талдау, жаңа жұ­мыстардың нысандарын іздестіруді негіз етіп алынды. Бұрын­ғы іс-тәжірибемен қатар бүгінгі үнқатуларды ескеріп, соған байланысты тың шараларды жасауға дағдыланды. Осы бағытта жасалған шаруалар Орталық кеңес қызметінің өзекті бағыттарын айқындап, ардагерлер ұйымының беделін көтерді, жасалған іс-шаралардың оң бағытын танытты. Жасалған жұмыстардың нәтиже­сінде қажетті ақпараттардың көле­мі ұлғайып, құжаттар саны 2000-ға жетті. Компьютерлендіру мен электронды пошта негізінде ал­масудың жыл­дамдығы артып, 10 ақпараттық бюллетень шығарылды. 50 ардагерлік құрылымының қызметі жинақталып, мақұлданды. Бірлестік тарихында тұңғыш рет «Ардагер айнасы» газеті мен «Ветеран и общество» журналдары дүниеге келді. Жаңаша бағытқа бет түзеген қо­ғамдық ұйымды басқару әдістері де түбегейлі өзгеріп, жұмыстың нақты формуласына көшті. Бұл әрекет мақсатты айқын іс-қимыл жасауға, жергілікті жердегі активтерді оқытуға және практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды. Бес жылға жуық уақытта Орталық кеңес басшылығының, оның қыз­меткерлері мен белсенділерінің об­лыстарға жасаған іссапарлары бір­лестік тарихының басқа кезеңде жасаған көрсеткіштерінен асып түсті. Бұл – жаңартылған, жеделдетілген, бір жүйеге келтірілген нәтижелі жұ­мыстың жемісі. Жаңа мазмұнда атқарылған шаралардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ново­ми­хайлов ауылдық округі арда­герлерінің бастауыш ұйымына жасаған көшпелі отырысы бар. Тың мазмұндағы бұл шара кейін жалғасын тауып, оң нәтижесін көрсетті. Қай уақытта да жұмыстың же­місті болуы ішкі, сыртқы байланыстар дамып, жүйеленген соң ғана тұ­рақ­талатын әрекет. Осы орайда Ор­талық кеңес ішкі шаруаларын бір қалыпқа келтірген соң, сыртпен – мемлекеттік органдармен, Президент Әкімшілігімен, Үкіметтің әлеуметтік кураторларымен, Пар­ламент де­пу­тат­­та­рымен өзара іс-қи­мылы арқылы байланысын нығайтты. Білім және ғылым, Мәдениет және спорт минис­трліктерімен Ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Мемлекеттік құрылымдармен, Ден­­саулық сақтау және әлеуметтік даму, Қорғаныс министрліктерімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен жоспарлар негізінде маңызды қоғамдық іс-шаралар өткізілді. «Нұр Отан» партиясымен ынты­мақтастық практикасы іске асырылуда. Тұңғыш рет діни бірлестіктермен байланыс орнатылып, Ұлттық кәсіп­керлер палатасымен, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдар жасау жолға қойылды. Орталық кеңестің II (2012) пленумынан кейін 3 аудандық, 1369 бас­тауыш және 1867 цехтық ардагерлер ұйымдары құрылып, оған тағы да 200 мың зейнеткерді тартуға мүмкіндік туды. Ардагерлердің материалдық база­сын жақсартуға тұңғыш рет нақ­ты қадам жасалып, облыс орта­лық­тарында – 8, қалалар мен аудандарда 63 ардагерлер үйі салынды. Қарт адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жасалған бұл игіліктердің ардагерлер өмірінде алатын орны ерекше. Облыстық, қалалық, аудан­дық және бастауыш ұйымдардың қызме­тіне басшы болып сай­ланғандар үлкен өмір мектебі бар, шаруаның мән-жайын анық­тап, бағдарлап білетін қарттар. Олардың қатарын­дағы К.Үкин, С.Шаухаманов, Е.Шай­хутдинов, К.Ризуанов, А.Әбіл­қайыров, И.Ко­миссаров, Н.Вахи­това, М.С­апарбаев, С.Өмірәлиева, А.Аман­баева, С.Байболов, А.Мои­сеева, Г.Құсанова, В.Шершнева, Н.Сей­дуалиев, т.б. азаматтар жаңа за­ман­ның тың талаптарына сай өз кәсібінің шеберлігін танытқандар. Бес жылға жуық уақыт ішін­де Орталық кеңес облыстық кеңес­термен бірігіп, бір мыңнан астам бел­сендінің қатысуымен үздік ар­да­гер ұйымдардың базасында 4 өңір­аралық, 3 республикалық се­минар-кеңес ұйымдастырды. Жұ­мыстардың негізгі мазмұны жасалатын іс-шараның озық әдістері мен тәсілдерін көрнекті етіп көрсетіп, басқа ұйымдардың ілгерілеуіне ықпал жасау болды. Орталықтың үлгісімен ұйым­дастырылған облыстық, қала­лық және аудандық оқуларға 100 мыңға жуық адам қатысып, 7 мың оқу іс-шарасы өткізілді. Қысқа мерзім ішінде бүкіл актив оқудан және қайта даярлаудан үш рет өтті. Бұл – Орталық кеңестің тәжірибесінде тұңғыш рет өткізілген тәжірибе. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында ардагерлер ұйымдары 22 мың қоғамдық іс-шаралар ұйым­дастырып, оған мил­лиондаған адам тартылды. Ардагерлер ұйымдарының қатысуымен «Мәңгілік полк» атты азаматтық бастама дамыды. Әскери-саяси оқиғаларды есте қалдыруға, қайта жаңғыртуға бір мың эстафета, бес мыңға жуық конференция мен фестиваль, жастармен жүздесуге 12 мыңнан астам шара өткіз­ілді. 255 жаңа ескерткіштер мен сая­бақтар ашылып, үш мыңға жуық мемориалдық нысан қайта жаңартылды. Ұлы Отан соғысы және сол соғыста ерлік көрсеткен батырлар туралы 1185 кітап пен фильмдер шығарылды. Тұңғыш рет өткізілген «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» көркемөнерпаздардың байқауына 50 мыңнан астам ардагер қатысып, нәтижесінде 41 адамға лауреат атағы берілді. 103 адам Орталық кеңестің, Мәдениет министрлігінің Ал­ғыс хатымен марапатталды. Үздік шыққандар қорытынды гала-кон­цертке және Астана қаласындағы көрмеге қатысу құрметіне ие болды. Ал Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының ұйымдары байқаудың жеңімпазы атанды. Орталық кеңестің ұсынысы бо­йын­ша ардагерлер қозғалысында белсенділік танытып, қабілетін таныта білген 52 адам мемлекеттік наградамен марапатталды. Тәуелсіздік жылдарында бірлестіктің 2 мың мү­шесі мемлекеттік дәрежедегі ордендер мен медальдардың иегері атанды. Жеңіс мерекесі қарсаңында бұрын мемлекеттен баспана ала алмаған 437 майдангерге пәтер бөлініп, соғыс ардагерлерінің өтініші бойынша 910 үй жөндеуден өткізілді. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың барлығы және тыл еңбеккерлерінің бір бөлігі – барлығы 11 мың адам коммуналдық төлемдерден босатылды. 200 мыңға жуық зейнеткер үшін қоғамдық көлікпен тегін немесе жеңілдікпен жүру қарас­тырылған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында ҰОС-тың арда­­герлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың көмегімен шұғыл көмек шақы­рудың «дабыл түймелерімен» жаб­дықталды. Төрткіл дүние қызығып қарайтын еліміздің баға жетпес байлығы – этностар достастығы, яғни тамыры те­реңге кеткен татулық. Биылғы жыл­ғы Алғыс күнінің өмірге келуі осы татулықтың символына арналған ерек­ше күн іспеттес. Қазақстан хал­қы­ның басты парызына айналған бейбітшілік пен ынтымақтың туын биіктетудің маңызы – Елбасымыз бастаған көштің бел ортасында келе жатқан жастарымыз үшін үлкен өнеге. Ал осы өнегенің бастауында ақылман абыз ақсақалдарымыз – ардагерлер тұр. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы қарсаңында өткізілгелі отыр­ған республикалық ардагерлер ұйы­мының VII съезіне сый-тартулары, міне, осындай. Тәуелсіздік тұғы­рында абыройы артып, атағы ас­пандаған еліміздің ардагерлері жасай берсін! Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы