Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат, 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 99, 100, 101-құжаттар; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 119-құжаттар; №21-I, 124-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 136, 137-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат):
1) 287-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында алған мұнай беруші;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.»;
2) 574-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш салық органына мыналардың:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;
осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе темекі өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу кезінде қойма үй-жайын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, ұсынылады.
Тапсырма шартын және мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартын қоспағанда, шарттардың қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.
Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат):
1) 281-баптың бесінші бөлігі 10) тармақшасының бірінші абзацындағы «мұнай өндiрушiлерден және берушiлерден» деген сөздер «мұнай өндiрушiлерден, берушiлерден, импорттаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 920-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекс, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
3. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №13, 113-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №11, 80-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-I, 169-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық.
Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
тұрақты – жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;
контейнерлік – мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;
жылжымалы – автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) олардың айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есеп жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы түрдегі автожанармай құю станциялардан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қайта өңдеу өнімдері – мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;»;
13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші – мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші – мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын
«14-1) импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
16) тармақша «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) оларды өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 24-3) тармақшамен толықтырылсын
«24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі – технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;»;
26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) резервуар – есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықталған, мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі ыдыс;»;
«27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар;»;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) түпкі тұтынушы – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар;»;
2) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарын бекіту;»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:
«12-6) мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібін және өлшемшарттарын бекітеді;»;
4) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;»;
10) тармақша «мұнай» деген сөзден кейін «және қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
«14-1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерінің өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
14-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;»;
18) тармақша «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-5) тармақшамен толықтырылсын:
«21-5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;»;
5) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келіседі;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсынады;»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындайды және өздерінің интернет ресурстарында мұнай өнімдерін өткізу туралы ақпаратты орналастырады;»;
7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Мұнай беруші
Өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын осы Заңда белгіленген шарттармен мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға мұнай беруші болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағына шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы алған және (немесе) өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде оларды алған жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға да мұнай беруші болып табылады.»;
8) 12-бапта:
1-тармақта:
8) тармақша «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы «орындауға міндетті.» деген сөздер «орындауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін және олардың сапасын растайтын құжаттар (сапа паспорты) болған кезде, оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға міндетті.»;
3-тармақта:
1) тармақша «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қанықпаған мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүзеге асыруға;»;
4) тармақшада:
«мұнай берушілерден» деген сөздер алып тасталсын;
«конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыруға;»;
9) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағаларды асырмауға міндетті.»;
10) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдерін өндірушінің негізгі құралдарына салымдардың инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдері (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орта мерзімді перспективаға реттелетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер бағаларын есептеу кезінде ескеріледі.»;
11) 16-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
3. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша айырмашылықтар анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға хабарлама табыс етіледі.
Хабарламада мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.
4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе оның өкіліне жеке қолын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауаптың пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы алынған күнінен бастап не хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін табыс етілді деп саналады.
Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.»;
12) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен мұндай қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
13) 18-бапта:
тақырып «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «мұнай өңдеу» деген сөздер «мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:
«2. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын қайта өңдеуге міндетті.»;
3-тармақтағы «Мұнай өңдеу» деген сөздер «Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің жоспарланған көлемдерін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруге өтінімдер жібереді.»;
5-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың (сапа паспортының) болуы;»;
3) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.»;
7, 9 және 10-тармақтар «конденсатын» деген сөзден кейін «және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін:
1) мұнай өнімдерін өндірушілердің – резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
2) мұнай берушілердің – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларының резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
3) импорттаушылардың – мұнай өнімдері резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;
5) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан өткізуіне жол беріледі.
3. Мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды:
1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
Өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған мұнай өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектісінен мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер осындай мұнай өнімдерін мұнай берушінің автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не резервуарына немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау процесінде мұнай өнімдерін өндірушінің есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізеді.
Импорттаушылар, сондай-ақ өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеуі нәтижесінде алған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау аспаптарынан міндетті түрде өткізе отырып, мұнай өнімдерін өткізуді;
2) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – автожанармай құю станцияларының (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін мұнай берушіге беруі автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде оған тиесілі резервуарға немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау арқылы жүзеге асырылады және қабылдау-тапсыру актілерімен құжаттамалық расталады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
15) 20-баптың 1 және 3-тармақтары «конденсатын» деген сөзден кейін «, қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ғана жол беріледі.
2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуі осы Заңда көзделген тәртіппен олардың мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізіліміне енгізілгені кезінде ғана жүзеге асырылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай беруші, импорттаушы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және (немесе) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың ережелері меншікті алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімі болып табылатын мазутты мұнай берушінің басқа мұнай берушіге мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында өткізу жағдайларына қолданылмайды.
4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тек мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме сауда өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы басқа берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірін-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін тек мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және (немесе) автожанармай құю станцияларында ғана сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
7. Мұнай өндірушілер, мұнай берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер осы бапта көзделген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізілуіне тыйым салынады.»;
17) 22-бапта:
тақырып, 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары
«1. Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.
Автожанармай құю станциясын иеленушіге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүдделерінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізудің (тиеп-жөнелтудің) кез келген түрін жүзеге асыруға жол беріледі. Мұндай жағдайда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну бойынша міндет сенім білдірушіге жүктеледі.»;
«3. Автожанармай құю станциясын иеленуші мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүдделерінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
18) 23-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өнімдері базаларындағы мұнай өнімдері көлемінің мониторингі;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мұнай өнімдері базаларын иеленушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің келіп түсуі, тиеп-жөнелтілуі және сақтауда болуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.»;
19) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде: 1 наурыз – 31 мамыр және 1 тамыз – 31 қазан аралығы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан – 1 наурыз аралығы кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.»;
20) 26-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 20) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 сәуір
№500-V ҚРЗ