2010 жылғы 29 желтоқсан, Астана қаласы
«Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлім 49-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 наурызда № 5573 тіркелген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 ж. наурыз, № 3, 338-б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемінде:
4-тармақта:
1) тармақшада «ұялы байланыс пен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі – 1 секунд;»;
5-тармақта:
1) тармақшада «ұялы телефон байланысы,» деген сөздері алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ұялы байланыс:
байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде – 1 секунд;
басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 1 секунд;»;
4) тармақшада «60» саны «30» санына ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.».
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министр С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Қ.ӘБСАТТАРОВ
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасы
________________ Есенбаев М.Т.
«____» ______________ 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
________________ Әбіқаев Н.Ә.
«____» ______________ 2010 жыл
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6738 болып енгізілді.