Уақыт талабымен үндестік
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған биылғы Жолдауында бүгінгі таңда үш тілді меңгеру уақыт талабы екендігін еске салғаны белгілі. Бұл, әрине, өте орынды айтылған ой. Өйткені, жаһандану қанатын кеңге жайған кезде өмір сүре отырып, заман заңдылықтарына бағынбау мүмкін емес. Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің мына пікірімен келіспеске болмайды. «Еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты, әсіресе, ауыл балаларын ана тілімен қатар ағылшын тілін еркін игеруге баулысақ біз үшін дұрыс шешімнің бірі болар еді. Мұндай жағдайда олардың терең білім алуларына мүмкіндік туып қана қоймай, отандық және шетелдік таңдаулы университеттердің табалдырығынан аттауларына жол ашылары талас тудырмаса керек», деген болатын ол. Президентіміздің саясатына қолдау білдірген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарып жатқандығын атап өткеніміз орынды. Осы орайда аталмыш оқу ордасында 2012 жылы ашылған Көптілді білім беру және академиялық ресурстарды дамыту орталығы бірталай игі істердің басын қайырды. Орталықтың алдына университетте ағылшынша оқытуды жақсарту, жыл сайын көптілді білім беру бағдарламаларының санын арттыру, профессорлар мен оқытушылар құрамын кәсіби тұрғыдан тың ізденістерге бой ұрып, жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыратын жағдай жасау міндеті қойылып отыр. Белгіленген шаралар университеттің факультеттері мен кафедралары арқылы межелі мақсатына жетіп жатады. Әрбір жаңа оқу жылы басталарда біздің орталық студенттер мен ұстаздарды тестілеуден өткізіп, олардың ағылшын тілін білу деңгейін анықтайды. Соның негізінде және IELTS немесе TOEFL қорытындылары бойынша көптілді топтар қалыптасады. Қазіргі таңда университеттегі 88 көптілді топтағы 611 шәкіртке 270 пән бойынша ағылшын тілінде сабақ беріледі. Оның сыртында ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінде үш мамандық бойынша көптілді білім беру бағдарламасы бекітілді. Соған сәйкес университетке түскенде студенттер бүкіл курс барысында ағылшын тілінде оқу қалауын білдіре алады. Көптілді кадрлардың біліктілігін арттыруға назар аударылады. Былтырдан бері Орталық Назарбаев Университеттің Жоғарғы білім мектебімен бірлесіп тоқсан сайын көптілді топтар оқытушыларына семинар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Көптілді топтарға лекция оқып, практикалық сабақтар өткізу үшін шетелдік ғалымдарды, мамандарды, оқытушыларды, сондай-ақ, шетелдік компаниялардың өкілдерін тарту мәселесі де Орталықтың міндетіне жатады. Ұзақ мерзімге сырттан шақырылғандардың ішінен Гарвард университетінен, Австралия ұлттық университетінен, Лион университетінен, Кардифф университетінен, Болон университетінен келіп, дәріс оқып жүрген профессорларды бөле-жара айтуға болады. Осындай қадамдардың арқасында сандық һәм сапалық жағынан оң өзгерістер өркен жайғанын айта кетудің артықтығы жоқ. Ендігі бір мақсатымыз – 13 жаңа ағылшын тілінде білім беретін топтар ашу. Сол арқылы ЕҰУ-дің абыройын көтеріп, беделін өсіруге өзіндік үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Дина САПАРОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ көптілді білім беру және академиялық ресурстарды дамыту орталығының директоры АстанаБурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше