Жер сату мәселесіне тоқталмас бұрын, саланың бүгінгі таңдағы кейбір өзекті мәселелері туралы айтуға тура келеді. Ауыл шаруашылығы секторы біздің еліміз үшін экономиканың негізгі саласы болып саналады. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде оның баламасы жоқ сала екені айқын. Сондықтан да оның төңірегіндегі мәселелер халыққа барынша етене.
Кез келген мемлекет үшін нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – дамудың жоғары көрсеткішін айқындайтын маңызды фактор. Қазақстандық аграрлық саланың басты міндеті де халыққа жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін жеткізу. Сонымен бірге, сектордың экспорттық әлеуетін арттырып, жұмыспен қамтуды ұлғайту және осының арқасында халықтың әл-ауқатын арттыру Елбасы Н.Назарбаевтың сала қызметкерлерінің алдына қойып отырған маңызды міндеті.
Бүгінгі таңда сала басшылығының және олардың қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін Парламент депутаттарының алдында сектордың дамуына кедергі келтіріп отырған себептерді айқындап, оларды еңсеру жолында үлкен еңбек ету міндеті тұр. Меніңше, қазір агроөнеркәсіптік саланы дамытуда бірінші кезекте қолға алынуға тиісті төрт түрлі фактор бар. Біріншіден, заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруіміз керек. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы нарығындағы барлық қатысушылардың міндеттері мен құқықтары барынша айқындалуы тиіс.
Соның ішінде бүгінгі күн тәртібінде тұрған жерге қатысты мәселеге тоқтала кетейін. Біздің заңнамаларымызда жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы нақтыланған. Енді осы талапты барынша нықтап, қазіргі нормативтерді түрлі қитұрқы жолдармен айналып өткісі келетіндерге тосқауыл қоюды құқықтық тәсілдермен іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Осы мәселенің төңірегінде Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштықты шайқалтқысы келетіндердің де жолын кесіп, халыққа заң талаптарының негізін түсіндіру туралы жұмыстар атқару міндеті бәріміздің алдымызда тұр.
Екіншіден, ауыл шаруашылығы секторын қаржылық қолдау мәселесін тұрақты арнаға түсіру қажет. Бұл мәселе саланы дамытудың күретамыры екендігін тегіс ұғуымыз керек. Мемлекеттің жыл сайын бөліп жатқан субсидиялары тиімді пайдаланылып жатыр деуге ауыз бармайды. Оның әрбір ауыл шаруашылығы субъектісіне шаққандағы көлемі біздің ЕАЭО-дағы әріптестеріміздікінен аз екендігімен қоса, рационалды пайдаланылмайтынын тағы да үлкен қынжылыспен атап көрсетуге тиіспін. Сондықтан осы шаруаны реформалайтын уақыт жетті.
Үшіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтарды тиімді пайдалану керек. Басқасын айтпағанда, бұл мәселеде осы уақытқа дейін отандық тұқымға байланысты нақты ғылыми тұжырымдар жоқ. Төртінші фактор – барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Міне, осы мәселелерді шешу бойынша айқын бағыт белгіленіп, тиімді жұмыстар жүргізілсе, ауыл шаруашылығы секторын аймақтағы озық салаға айналдыруға толық мүмкіндігіміз бар.
Жеңіс НҰРҒАЛИЕВ,
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы

Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Өнер • Бүгін, 19:15
Астанадағы өрт: 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды
Төтенше жағдай • Бүгін, 18:28
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 17:20
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан
Қылмыс • Бүгін, 17:00
Соғыс сарбазының сүйегі туған жеріне қойылды
Қоғам • Бүгін, 16:30
Биыл жаңажылдық шырша қаншадан сатылып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 16:15
«Барыс» «Амурдан» ұтылып қалды
Спорт • Бүгін, 16:00
Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Әлем • Бүгін, 15:47
БҰҰ: Денсаулық сақтауға инвестиция салынбаса, бұдан да жойқын пандемияға тап боламыз
Денсаулық • Бүгін, 15:30
Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
Кино • Бүгін, 15:10
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
Әлем • Бүгін, 15:00
2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?
Қоғам • Бүгін, 14:45
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 14:30
Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?
Сұхбат • Бүгін, 14:21
Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді
Спорт • Бүгін, 14:10