06 Мамыр, 2016

22 жұмысшы уланып, ауруханаға түсті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамырдың 3-і күні түстен кейін Қара­шығанақ кенішінде жұмыс істейтін 22 адам өздерін жайсыз сезініп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде уланған 14 адам Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылды. Сегіз адам алғашқы медици­налық жәрдем алғаннан соң үйлеріне жіберілді. Жұмысшыларға қойылған диаг­ноз – өткір гастроэнтероколит. Батыс Қазақстан облыстық тұты­ну­шылар құқығын қорғау депар­таменті басшысының орынбасары Алтын Орынғалиеваның айтуынша, уланған жұмысшылардың денсаулығы күні бүгін тұрақты және маман­дардың толық бақылауында. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, талдау-тексеру жұмыстарына кірісті. Айта кету керек, өндірісте зардап шеккен жұмысшылардың барлы­ғы мердігер компания – «Батыс­Қуат­Қазақ­станСервис» ЖШС-нда еңбек етеді. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ