- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.