АСТАНА. 9 мамыр. Бүгін бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Лейкленд қаласында өткен бокс кешінде ол колумбиялық Хуан Де Анхельмен кездесіп, 6-раундта қарсыласынан техникалық нокаутпен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап алға ұмтылған отандасымыз бірінші раундтың өзінде бірнеше жойқын соққы жұмсап үлгерді. Дегенмен, қарсыласы Қанаттың шабуылына лайықты тойтарыс беріп, өзі де қарымта шабуылға шығуды ұмытқан жоқ. Екінші раундта да жерлесіміз бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Хуан Де Анхель көбіне қорғануға мәжбүр болды.
Үшінші раундта Қанат қарқынын сәл бәсеңдеткенімен, жұмсаған соққылары діттеген жеріне дөп тиіп жатты. Келесі кезеңде жаттықтырушысының сөзіне құлақ асқан біздің боксшы тағы да екпінін баяулатты. Алайда, раунд соңында шабуылын күшейткен ол Де Анхельді соққының астына алды. Колумбиялықтың бағына орай дәл сол мезетте раунд аяқталып, ол нокдауннан аман қалды.
Келесі бесінші раунд та алдыңғыларындай қазақстандықтың басымдығымен өтті. Уақыт өткен сайын қарқынын күшейткен Қанаттың соққыларынан есеңгіреген колумбиялық үшін екі аяққа тұрудың өзі мұңға айналды. Әйтсе де, бұл жолы да оны раундтың аяқталғанын білдіретін гонг құтқарып қалды.
Ал алтыншы раундта Де Анхельдің күші сарқылып, нокдаунға түсті. Алайда, жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік тапқанымен, есін толық жинап үлгермеген колумбиялықтың одан әріге шамасы жетпеді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, Қанат Исламның жеңіске жеткенін хабарлады.
Осылайша, жерлесіміз кәсіпқой рингтегі 21-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін 21 жекпе-жек өткізген Қанаттың соның 18-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін атап өткен жөн.
Тағы бір назар аударар жайт, Ислам мен Де Анхель кездесуі 10 раундқа жоспарланған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Фото: vk.com.

Қазақстан мен Ресей: Стратегиялық серіктестіктің жаңа мазмұны мен мүмкіндіктері
Экономика • Бүгін, 21:25
Мәжіліске Кубаның Вице-Президенті келді
Саясат • Бүгін, 20:38
Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Bloomberg: Қазақстан сын-қатерлерді мүмкіндіктерге айналдыруды үйренді
Экономика • Бүгін, 19:55
Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті
Саясат • Бүгін, 19:25
Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:20
Зайсанда жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуда
Қоғам • Бүгін, 18:58
Павлодарда полиция зейнеткердің 4 млн теңгесін сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 18:34
Тоқаев ауыл шаруашылығын цифрландыруды күшейтуді ұсынды
Президент • Бүгін, 18:04
Президент ЕАЭО-ның сыртқы сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру маңызын айтты
Саясат • Бүгін, 17:59
Министр Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді
Спорт • Бүгін, 17:57
Мемлекет басшысы: Елімізде 650-ден астам «ақылды» фермалар жұмыс істеп тұр
Саясат • Бүгін, 17:53
Президент: Одақ аясындағы ақпараттық жүйелерді өзара кіріктіру – уақыт талабы
Президент • Бүгін, 17:51