15 Мамыр, 2016

Түрік президенті Ердоғанның қызы Сюмеййе тұрмысқа шықты

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-05-16-cover_mainslider_1jpg

АСТАНА. 15 мамыр. Кеше Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қызы Сюмеййе Ердоған тұрмысқа шықты. Бұл туралы Hürriyet ақпарына сілтеме жасаған ras.kz мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Түрік президентінің қызы Сюмеййе Ердоған мен Селжук Байрактардың үйлену тойлары Ыстанбулдағы Яхья Кемал атындағы мәдениет орталығында өтті. Осы жерде жастардың некелері қиылды. Оның барысында «Адам туған кезде жылайды, бұл жылаудың соңғысы болсын» деген ән шырқалды. Шараның соңында Реджеп Ердоған қатты толқып сөз сөйлеп, үйленіп жатқан қызы мен күйеу баласын құттықтады. Неке қию салтына Ыстанбул қаласының мэрі Кадир Торбаш, елдің бұрынғы президенті Абдулла Гуль мен премьер-министр Ахмет Давутоглу қатысты. Түркия президентінің күйеу баласы пилотсыз ұшатын аппараттар өндіру жөніндегі инженер, белгілі кәсіпкер болып шықты. Пәкістанның The News газетінің мәліметінше, түрік президенті қызының үйлену тойына Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шериф пен оның інісі Шахбаз Шериф, Катар шейхі Тамим бин Хамад әл-Тани және басқалар шақырылған. Ыстанбұлда президент қызының үйлену тойына байланысты қауіпсіздіктің барлық шаралары қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тіпті спутниктер де іске қосылыпты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Hürriyet.

15-05-16-cover_mainslider_big