АСТАНА. 15 мамыр. Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында дзюдодан әлемдік Гран при турнирінің соңғы үшінші жарыс күні өтуде. Бұл күні ерлер арасында 90, 100 және +100 кило салмақ дәрежесінде, ал әйелдер бәсекесінде 78, сондай-ақ, +78 килода жеңімпаздар анықталады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өкінішке қарай, 100 және +100 килода белдескен ерлеріміздің барлығы қарсыластарына есе жіберіп, жүлдесіз қалды. Олардың ішінде жанкүйерлер сенім артқан Ержан Шынкеев (+100 кг), Руслан Әбдіразақов (+100 кг) сынды тәжірибелі палуандар да бар. Ал 90 килода бақ сынаған жігіттеріміздің арасында Дәулетхан Жақыпов қола медаль үшін белдесуге мүмкін алды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде 78 килода ел намысын қорғаған Альбина Амангелдиева финалға шықты. Ал тәжірибелі палуан қызымыз Гүлжан Исанова (+78 кг) қарсыласына есе жіберіп, жүлдеден құр қалды.
Үшінші орын үшін және финалдық бәсекелер жарыс күнінің кешкі сессиясында өтеді. Ол белдесулер сағат 17:00-ден бастап KazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, алғашқы екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 – алтын, 2 – күміс және 2 қола медаль бар. Бұл көрсеткішпен Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2-орында тұр. Жалғыз «алтынды» 48 килода белдескен палуан қызымыз Галбадрах Отгонцецег алса, ерлер бәсекесінде бақ сынаған Рустам Ибраев (60 кг) пен Жансай Смағұлов (66 кг) күміс медальді мойындарына тақты. Ал Елдос Жұмақанов (66 кг) пен Дидар Хамза (73 кг) қола медальға қол жеткізді.
Тағы бір ескере кететін жайт, Гран при турнирінде чемпион атанған палуанға – 300, ал 2-орын иегеріне – 180, қола жүлдегерге 120 ұпай беріледі. Жалпы, бұл сайыста әлемнің 84 елінен келген 400-ге жуық дзюдошы бақ сынауда.
Еламан Қоңыр.
Дерек, фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
• 15 Мамыр, 2016
Дзюдошы Альбина Амангелдиева Гран при турнирінің финалына шықты

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33