15 Мамыр, 2016

«Астана» мен «Ертіс» биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
15-05-2016-kpl 01АСТАНА. 15 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-туры аясында төрт ойын ойналды. Ал турдың екі кездесуі кеше өткен болатын Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тур барысындағы екі бірдей матчтың нәтижесі жанкүйерлердің назарын ерекше аударды. Атап айтқанда, маусым басталғалы әлі жеңілмей, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» мен «Ертіс» бүгін қарсыластарына есе жіберіп, осы маусымдағы алғашқы жеңілістеріне ұшырады. Павлодарлықтар Алматыда жергілікті «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңілсе, елордалықтар дәл сондай есеппен сырт алаңда «Атырауға» есе жіберді. Алайда, қос команда да көш басындағы орындарын сақтап қалды. Жалпы, аталған турдағы барлық ойында есеп ашылғанын атап өткен жөн. Соның ішінде бір кездесу тең есеппен аяқталса, қалған бес кездесуде жеңімпаз анықталды. 15-05-2016-kpl 02 11-тур ойындарының нәтижелері: 14 мамыр «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:2 Голдар: Дидар Жалмұқан 8, Тоқтар Жаңғылышбай 38. «Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:2 Голдар: Малик Мане 85 – Филипп Касалица 21, 29. 15 мамыр «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тобыл» (Қостанай) 1:1 Голдар: Серж Срепин Бандо 16 – Сергей Хижниченко 88. «Ақжайық» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:2 Голдар: Олег Хромцов 80 – Марко Симоновски 3, Душан Савич 90+1 (пенальти) «Атырау» (Атырау) – «Астана» (Астана) 1:0 Гол: Алтынбек Сапаров 22. «Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар) 1:0 Гол: Исаэль да Сильва 22.

11-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі15-05-2016-keste 11-tur

Үздік мергендер:
  1. Роман Мұртазаев («Ертіс») – 7 гол;
  2. Гогита Гогуа («Ертіс») – 4 гол;
  3. Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 4 гол,
  4. Жерар Гоу («Қайрат») – 4 гол.
12-тур ойындары 21 мамыр күні ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей: «Ақтөбе» – «Тараз» «Астана» – «Ордабасы» «Жетісу» – «Шахтер» «Ертіс» – «Ақжайық» «Қайрат» – «Оқжетпес» «Тобыл» – «Атырау». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Фото: vk.com.