15 Мамыр, 2016

Ресейде жаңа қуатты қарудың сыннан өтіп жатқаны белгілі болды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-05-16-putin

АСТАНА. 15 мамыр. Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин жұма күні президент Владимир Путинге қарулы күштерде жаңа қуатты қарудың сынақтан өтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үкімет басшысының орынбасары мемлекет басшысына техникалық сипаттамасы жағынан ықтимал қарсыластар қаруларынан асып түсетін жаңа қаруды жасап шығаруға мүмкіндік беретін сынақтардың жүріп жатқанын баяндады. Әңгіме Ресей президенті Владимир Путиннің Сочидегі «Бочаров бұлақтары» резиденциясында әскери қызметкерлермен кеңес өткізуі барысында айтылды. Осы жиында Владимир Путин Ресейдің әлемдегі стратегиялық баланстың сақталуы мен кең ауқымды әскери жанжалдардың орын алуына жол бермеу үшін барлық күшін салатынын мәлімдеді. «Әрине, біз зардаптары жағынан планетаның қайсыбір отты нүктесінде де орын алып жатқан жанжалдармен салыстыруға да келмейтін ірі көлемді әскери жанжалдардың туып кетпеуіне кепілдік беретін осы күштердің стратегиялық балансын қамтамасыз ету үшін қажетті нәрсенің бәрін қабылдаймыз. Біз, міне, осыған жол беріп қоя алмаймыз және жол бермейміз», - деді Путин Сочиде әскерилермен өткізген кеңесі барысында. «Біз президентке осы күндері өзінің техникалық сипаттамасы бойынша тіпті біздің ықтимал қарсыластарымыздың қаруларынан да асып түсетін қаруды жасауды тездетуге мүмкіндік беретін мейлінше қазіргі заманғы сынақтардың өтіп жатқаны, сол сынақтар регламентінің өзгергені туралы баяндап бердік», - деді Рогозин журналистерге. Талғат Райымбек. Дерек, фото: РИА «Новости».