Абай • 04 Тамыз, 2023
«Абайдың жұмбағының» шешуі қазіргі дүниеауи ғылымның барлық саласы үшін «жұмбақ» болып саналатын Хақ пен Бірлік, Әуелгі себеп, Әуелгі Қозғалыс, Мәңгілік (Бақи), Уақыт (Фәни), Кулли ақыл мен Кулли Жан, Сезімдік әлем, затиялық, субутиялық және фиғыли себеп сияқты тағы да басқа аса тылсым ұғымдардан және ол туралы тарқатыла тарамдалған сан қилы қисындардан тамыр тартады. Хасс әл-хасс дейгейлі даналардың ой ұшқындарына назар салсақ, зады Алланың Жаратуы мен Хикметін (міндетін) бөлісуі туралы оқымыстылардың арасында ілгері дәуірде әлдебір пікір сызаты болған сияқты. Сондай күрделі бақастыққа барған (пікір таласы, дискуссия) пікірдің ұшығы Абайдың шығармаларынан да аңғарылып қалады. Ол Хақ туралы қағидаларды ойында екшей келе, сырттай қарағанда Жаратушының хикметіне күмәндәнғандай күфірлік боп көрінетін: «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла Тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса, ол: «Бір» демектік те Алла Тағалаға лайықты келмейді» деген, немесе: «Жә, енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың: «Ақылы бар кісіге иман парыз» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды(ға) оны ойлама дегенімізге, пенде бола ма (көне ме)? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деген тосын сұрақтар қояды.
Әдебиет • 04 Тамыз, 2023
Ұстаз бен шәкірт ұсынған қолтаңба
Әңгіме жазушы кітабының оқырманына берілетін қолтаңбасы жөнінде өрілмек. Қасиетті кітап жөнінде ғұламалар – Мұхтар Әуезов: «Әрбір адамның ең жақсы досы, өмір досы – кітап болуға тиіс», Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», Әбіш Кекілбаев: «Кітап, кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», деп өнегелі пайым қалдырған екен.
Спорт • 04 Тамыз, 2023
Тура бір жылдан кейін Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жалауы көтеріледі. Қазақ елі үшін бұдан бұрынғы олимпиадалар табыссыз өткен жоқ. Әсіресе Атланта мен Сиднейде көк туымыз көкке көп мәрте көтерілді. Тек мұның алдындағы Токио Олимпиадасында пандемияның салдары ма, жоқ дайындығымыз нашар болды ма, еңсеміз түсіп, елге 8 қоламен оралдық. Мұның аса нашар көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысындағы аграрлық сала өкілдерімен кездесті. Депутаттар Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Аблакет ауылдық округінің Бестерек ауылында болды.
Экономика • 03 Тамыз, 2023
Сәтті сапар сапалы жолдан басталады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 157 мың шақырымға жуық автожол бар болса, соның 25 мың шақырымы халықаралық және республикалық маңызға ие екен де, ал 70 мыңы облыстар мен аудандарды жалғайтын көрінеді. Бұған 62 мың шақырым көше жолдарын қосыңыз. Республикалық иеліктегі жолдардағы сапа деңгейінің нормативті көрсеткіші 89 пайызды құраса, жергілікті жолдардікі – 46% бен 85% аралығында.
Білім • 03 Тамыз, 2023
Сөйлеу мен жазудан жаңылған ұрпақ
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген екен батыр Бауыржан. Сол ұлы қызметті атқарып келе жатқанымызға биыл – жиырма жыл. Бұл аралықта мектеп тіршілігінің біраз қызығы мен шыжығын көріп те үлгердік. Қаншама «жаңа бастамалардың» тәп-тәуір басталып, ақыры аяқсыз қалғанының да куәсіміз. Ұлттың өз болмысын, өз түр-сипатын, өз тағдыр жолын айқындайтын ұлттық білім ордаларын әлі де қалыптастыра алмай келе жатқанымыз да өкінішті.
Тарих • 03 Тамыз, 2023
Түрксіб деген атпен белгілі Түркістан мен Сібірді, яғни оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын теміржол жобасының идеясы 1896 жылы патша өкіметі кезінде туған. 1906 жылы Барнаул – Семей – Верный – Пішпек – Меркі – Луговой – Арыс теміржол құрылысына арнайы қаржы бөлінеді.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында сенбілік өткен еді. Сенбілікке қатысқан еріктілер 30 қаптан аса қоқыс жинаған.
Спорт • 03 Тамыз, 2023
Талантты жазушы, еліміздегі Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Марат Қабанбай тірі болғанда 75 жасқа толар еді.
Өнер • 03 Тамыз, 2023
Балаларға арналған хореографиялық қойылым қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың гаджеттерге тәуелділігі тақырыбын қозғайды. Осындай күрделі тақырыпты режиссерлер мен автор қарапайым би тілімен жеткізген. Спектакльде көрсетілгендей, шынайы өмірде де көптеген ата-ана заман ағымына еліктеп, баланың сәби кезінен бастап ұлттық құндылықтарға, тәлім-тәрбиеге қызығушылығын оятудың орнына, көңілін гаджет беріп табады. Бұл әрекетінің соңы немен аяқталуы мүмкін екені ойына да кіріп шықпайды.