Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19088 материал табылды

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды

Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орнына айналған Кембридж университетінде елордалық 5 мектептің мұғалімдері мен қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері біліктілігін арттырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды

Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің 2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша даярлық жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019

Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелері Ыстанбұл үдерісінде қарастырылды

2019 жылғы 8-9 желтоқсанда Ыстанбұл қаласында (Түркия Республикасы) «Бейбітшілік, Серіктестік, Өркендеу» тақырыбында «Азия жүрегі» Ыстанбұл үдерісінің Сегізінші Министрлер конференциясы өтті. Түркия мен Ауғанстан іс-шараның теңтөрағасы болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні

Бүгін Елбасының жарлығымен Сарыарқа төсіндегі Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданғаннан бері 22 жыл өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты

2019 жылдың 5 желтоқсанында Бейжің қаласында (ҚХР) Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концертін ұйымдастырды. 

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама әзірленді. Елордалықтар назарына концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, спорттық шаралар мен танымдық экскурсиялар ұсынылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр

2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын қабылдап алды

Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шарада Брест қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке ресми түрде табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019

«Қарапайым заттар экономикасы» елорданың бизнесін қалай дамытып жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен IQala алаңында талқыланды. Кеңеске тауар өндірушілердің өздері - жиһаз, тоқыма, құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібі отандық қауымдастықтарының өкілдері, ӨКП жанындағы өңірлік кеңестің мүшелері қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.