Тарих • 24 Мамыр, 2019
Осыдан тура 30 жыл бұрын 25 мамырда дүние жүзіндегі алып елдердің бірі, әлемдік құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, идеологиялық қазығы мықты, халқының тоқсан тоғыз пайызы толқу дегенді білмейтін, балаң көңілді елде бір ұлы дүмпу жер бетін солқ еткізген.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Ұлттық банктің кейбір функциялары жаңа органға беріледі
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда екі заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.
Әлем • 17 Мамыр, 2019
АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы: миллиондардың арқасына түсетін салмақ
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бір қалыпқа түскен көп жылдық тәжірибені оқыс бұзуға болмайтынын түсінгісі келмеген АҚШ президенті Д.Трамп негізгі экономикалық бәсекелесін бірден тұқырту мақсатын көздеп, сауда текетіресін жалғастырып отыр.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2019
1941 жылдың 24 қыркүйегінде КСРО Атлантика хартиясына мүше болуға мәжбүр болды. Бұл хартияға мүше мемлекеттер бір-біріне қару-жарақпен, техникамен, дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және т.б көмектесуге тиіс болатын. Осы хартияға енудің нәтижесінде КСРО-ға ең алғашқы әскери көмек Англиядан «Дәруіш» деген атпен арктикалық жол арқылы Архангельск қаласына жеткізілді.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Қаһармандар есімі халқымен қауышады
Кеше Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Отан қорғаушы» мерекесіне байланыстырылып, «Ұмытылған қаһармандар» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл еңбекке Ұлы Отан соғысында ерлігімен көзге түсіп, жоғары наградаларға ұсынылғанымен, түрлі себептерге байланысты тиісті марапатына қол жеткізе алмаған батырлар туралы мәліметтер жинақталған.
Руханият • 07 Мамыр, 2019
Отан қорғаушы күні —мемлекеттік мереке ретінде еліміздің барлық түкпірінде аталуда. Бұл мерекенің маңыздылығы мен мәнін Қазақстан азаматтарының бәрі де жақсы сезінуі керек.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2019
Өткен дүйсенбіде, яғни 29 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Алқалы жиында ел бірлігінің маңыздылығы, бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғамдық келісімнің, татулықтың, этносаралық ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.
Әлем • 01 Мамыр, 2019
Кеше еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Хорватия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және халықаралық мәселелерді талқылады.
Үкімет • 25 Сәуір, 2019
Заңды ізгілендіру жауапкершілікті азайту емес
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті отырысы болып, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті жетілдіру мақсатымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2019
Өзін өзі басқарудың өзекті мәселелері
Сенатта «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігімен және «Өңір» депутаттық тобымен бірлесе отырып, орталық атқарушы және жергілікті өкілді органдардың басшыларымен кездесу өткізді.