Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді
Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.
Ауыл • 05 Сәуір, 2024
Тасқынға қарсы күресте Солтүстік Қазақстан ПД өкілдері күні-түні алдыңғы шепте жүр. Әсіресе олар облыстағы су басқан алғашқы аудандардың бірі Уәлихановта белсенді жұмыс істеп жатыр.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
«Қазгидрометтің» соңғы мәліметіне қарағанда, 1-5 сәуір аралығында ауаның жылымық жағдайында қар аралас жаңбыр жауады. Бұл қалған қардың тез еруіне соқтырып, қарғын судың ағынын арттырып жібереді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Пилотсыз аппараттар Петропавлда да жасалады
Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлдың ауыр машина зауытында болып, отандық пилотсыз ұшатын аппараттарды тамашалады.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Өңір зәрулігі – су тасқынының алдын алу
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысымен танысуға Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы бағдарлама аясында коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024
Солтүстіктің қалалары мен ірі елді мекендерінде қар көбесі сөгіліп, аулалар мен көшеде үйілген күресіндер жарқырап шыққан күннің қызуымен күннен-күнге шөгіп, азайып барады. Ауа температурасы – күндіз 5-6 градус жылы, 0, -5 градус аралығында. Шағын ауылдар мен даладағы қар сірескен бойы әлі мызғымай жатыр. Өзен беті де солай. Сондықтан Есілдің үстінен қызыл судың жүруі туралы ойлауға ерте.
Еңбек • 27 Наурыз, 2024
Қызылжар тұрғыны Кенжебек Таңатовқа ағаштан түйін түйген өнер арғы ата-бабасынан дарыған. Ағашқа ою-өрнек сала отырып, түрлі бұйым жасау – сүйіп айналысатын жұмысы.
Айтыс • 22 Наурыз, 2024
Қызылжар өңірінде Наурыз мерекесіне арналған «Ұлы күні ұлыстың, Басы болсын ырыстың» атты еліміздің барлық түкпірінен 14 ақын қатысқан республикалық ақындар айтысынан көңіл күйіміз көкке көтеріліп, ерекше арқаланып қайттық.
Мереке • 19 Наурыз, 2024
Табиғаттың түрленіп, қысқы қар құрсауынан босанып, түлеуінің өзі ай бойы созылады. Адамдар арасында бұрынғы ашу-ыза, өкпе-наздың бәрі ұмытылады.
Әскер • 15 Наурыз, 2024
Әскерге баратындар саны азайған
Наурыздың бірінен еліміздің барлық аймағында Президенттің Жарлығына сәйкес жастарды кезекті әскери міндетін атқаруға шақыру басталды. Науқан маусым айының аяғына дейін созылады.