Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ
Сайраш ӘБІШҚЫЗЫҚазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері
11 материал табылды

13 Шілде, 2017

Түлектерді «түрлендіргеннен» не ұтамыз?!

Күні кеше ғана соңғы қоңырауы соғылған 2016-2017 оқу жылы бірқатар жаңалығымен қазақстандық білім беру ісінің дамуындағы айрықша жыл болғаны анық. Ең алдымен, бұл оқу жылы орта мектепті бітірушілердің аттестат алу үшін бұрынғыдай мемлекеттік емтихан тапсыруға көшірілген кезеңі ретінде есте қалатын болды. Бұл сөз жоқ, дұрыс қадам. Аталған жаңалық, әсіресе, ауылдық мектептердің түлектері үшін ерекше қуанышты болды. Олар биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары орталықтарына жету үшін жолсапар сүргінін көрген жоқ. Сөйтіп, өмірлерінің ең қиын да жауапты күндерінде ата-анасының ыстық ұясынан еріксіз ұзап шығып, жатақханаларға уақытша тұрақтау мәжбүрлігінен құтылды.