Сұңғат ӘЛІПБАЙ
Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
753 материал табылды

Экономика • 14 Шілде, 2020

Бірінші жартыжылдықта жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8% артты

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 8% - ға өсті. Тоқыма бұйымдарының өндірісі 8,4% - ға, былғары өнімдері 6,6% - ға және киім өндірісінде 2,1% - ға өсім байқалады. Саладағы оң нәтиже мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім, бас киім, шұлық бұйымдары мен аяқ киім өндірісінің ұлғаюы есебінен орын алды.

Қоғам • 14 Шілде, 2020

Қарулы Күштерінің отставкадағы генерал-майоры өмірден озды

2020 жылғы 14 шілдеде отставкадағы генерал-майор Әмірбек Әнуарұлы Тоғысов 71 жасқа келген шағында дүниеден озғаны мәлім болды.

Тағайындау • 14 Шілде, 2020

Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментіне жаңа директор тағайындалды

ҚР ИИДМ Жауапты хатшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Сергей Иванович Черненок ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

Тағайындау • 14 Шілде, 2020

Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің келісімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Атырау полицейлері 300-ден астам карантин режимін бұзғандарды анықтады

Тексеру көрсеткендей, кейбір бизнес құрылымдар тараптарынан карантин талаптары сақталмайды.

Қазақстан • 14 Шілде, 2020

Қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің ақпараты бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. (2020 ж. – 1,43 млрд. тонна, 2019 ж. – 1,5 млрд. тонна).

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Жамбыл облысындағы жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылады

2020 жылы Жамбыл облысында жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылатын болады. Мұнда автомобиль жолдары саласында 20 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Технология • 14 Шілде, 2020

Карантин финтехты дамытады

Елімізде онлайн-форматта Astana Finance Days конференция­сы өтті. Онда талқыланған басты тақырып – құбылмалы әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, өмірімізге қалай әсер ететінін және қандай технологиялар көп ұзамай әлемнің ажырамас бөлігі бола алатынын талқылады. Атап айтқанда, жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, Ислам қаржысы, сондай-ақ адам капиталын дамыту секілді бағыттарға назар аударылды.

Президент • 13 Шілде, 2020

Жағдайды тұрақтандыруға – екі апта (Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақты тапсырмалар берді)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режімінде өткен Үкі­меттің кеңейтілген оты­­ры­сына Премьер-Ми­нис­тр Асқар Мамин, Пре­зидент Әкімшілігінің Бас­шысы Ер­лан Қошанов, Үкімет мүше­лері, облыс­тар мен Нұр-Сұл­тан, Ал­маты, Шымкент қала­­ла­рының әкімдері, орта­лық мемлекеттік орган­дар­дың және ұлттық ком­па­ния­­лардың жетекшілері қа­тысты.

Қазақстан • 12 Шілде, 2020

Халық қиындықпен күреске кірісті

Бар екенбіз, жақсылыққа нар екенбіз. Халық дәрі таба алмай, ауруханаларды жасанды өкпе желдеткіштері жетпей қысылған осынау шақта елдің бас көтерер азаматтары ес жинап, осы іске халықтың өзін жұмылдыра бастағандығы әр жерден айқын байқала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.