Тағайындау • 14 Шілде, 2020

Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы таныстырылды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің келісімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы таныстырылды

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – "Өндірістік-жүйелік инженерия" мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарды.

2011 мен 2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы және бас сарапшы болып қызмет атқарды.

2013 жылдан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Транзит және көлік логистикасы департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациядық даму басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациядық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінде, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің, сосын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болды.