
Ән • 20 Маусым, 2025
Жылыстаған жылдар тізбегіне көз салғанда, көңіл түкпіріндегі сағымға айналған сағыныш оты лаулайтыны бар. Әуені жан тербейтін әдемі әндер өткен күндер елесін көз алдыңа әкеледі. Жұрт жадында көше әні ретінде сақталған туындылар естен кетпес елеулі шақтың тұңғиығына тарта түседі. Сол бір мөлдір кезеңді оңашада еске алғанда жүрек атқақтап, өн бойыңды әлдебір сарқылмас сезім әуені билейтіні белгілі. Мұны біз сиқырлы саз құдіретімен байланыстырып жатамыз...
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Қолында билігі барда қоныштан басып, ұлан-ғайыр алқапты меншіктеп алғандар қара жерді пайдаланбай, халықтың қазынасын заңсыз иелігінде ұстап келгені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарудың маңызы зор екенін әкімдерге шегелеп тапсырғаны мәлім.
Аймақтар • 12 Маусым, 2025
Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын бастап берді. Әкім қолға алған жобаны облыстық білім басқармасы мен «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігін әрмен қарай сәтімен жалғастырып, «Ой шебері» зияткерлік ойынын бастап кетті.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
Бүгінде оқушыларды жазғы сауықтыру лагерьлерінде тынықтыру жұмысы еліміздің барлық қиырында қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл жұмыс Жамбыл өңірінде қай деңгейде іске асырылмақ? Әулиеаталық білім алушылар жазғы демалысын қандай лагерьде және қалай өткізеді? Облыстық білім басқармасы тарапынан қандай жұмыс қолға алынбақ? Осы сауалға жауап іздеп көрдік.
Өндіріс • 10 Маусым, 2025
Үлгілідегі шыны шығаратын зауыт
Кейінгі уақытта Жамбыл облысында бірнеше өндіріс ошағы бой көтеріп жатыр. Олардың бірқатары жұмысты бастап та үлгерді. Нақтырақ айтсақ, өңірде тұңғыш рет шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды. Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында ашылған жаңа кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап кетті.
Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жыл өткен сайын қарқын алғанына қарамастан, ебін тапқандар заңсыз тауар айналымын жалғастыруын тыяр емес. Акцизделетін тауар өнімінің заңсыз айналымы әлі де болса жиі кездеседі. Құзырлы орган қызметкерлері көлеңкелі кәсіппен айналысқандарды қолдан келгенше жазаға тартып жатыр.
Өндіріс • 03 Маусым, 2025
Жылына 1 500 локомотив жөндейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге шетелдік инвесторларды тартудың маңызы зор екенін атқарушы билік өкілдеріне әлденеше рет шегелеп тапсырғаны мәлім. Содан да болса керек, кейінгі жылдары өңірде шетелдік алпауыт компаниялармен келіссөз жүргізіліп, жұмыс жүйелене түсті.
Ән • 31 Мамыр, 2025
Сынаптай сырғыған уақыт өткен шаққа қарайлауға мүмкіндік бермейтіндей көрінеді. Әйтсе де әр онжылдықтың өз үні, өз бояуы, өз сазы бар. Көңіл пернесін дөп басқан сиқырлы саз жұрт жүрегінен де, жадынан да өшпек емес. Содан да болса керек, ертеректе әнсүйер қауымның жүрегін жаулаған әндер санамызда сайрап тұрады.
Театр • 27 Мамыр, 2025
«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен «Жүрекпен жазылған шығарма» атты алғашқы инклюзивті театр байқауы ұйымдастырылды.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Заманауи технологияны меңгереді
Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлау және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшатын авиациялық (ҰҰА) жүйелердің операторларын оқытудың кезекті курсы басталды.