Президент • 06 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрін қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің жоғары қарқынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жүйесін ГРЕКО сарапшылары бағалайтын болады
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны не белгіленген қаржыландыру көздерінен басқа материалдық игіліктер мен артықшылықтар қабылдағаны үшін оларға айыппұл салынатын болады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Аида Балаева жұмыс сапарымен Түркияға барды
Министр А.Балаеваның жұмыс сапары барысында Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесулері нәтижелі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алуға жазылу басталды
Елордада егу пункттері көбейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
5 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды
«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды», деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Сенатта Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон ынтымақтастығы талқыланды
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Осы келісім аясында тараптар көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
«Талдықорған - Үшарал» жолы биыл аяқталады
Алматы облысында індетке қарамастан, тек өткен жылдың өзінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,8 млрд теңгеге 487,7 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап 3,2 млрд теңгеге 97,2 шақырым жол жөнделген. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының айтуынша, бұл өңірдегі 240 елді мекеннің ауылішілік жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Жыл соңына қарай сапасы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89 % жетеді. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 процент болады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Nur Otan қазақстандықтардың түйінді мәселелерін бақылауға алды
«Nur Otan» партиясы 3 ай ішінде партиялық бақылау комиссиясының 624 отырысын өткізіп, онда 1918 мәселе қаралды. Олардың арасында әлеуметтік тұрғын үй беру кезіндегі заң бұзушылықтар, партиялық этиканы сақтамау, жатақханалардың сапасыз салынуы және т.б. көптеген түйінді мәселелер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 06 Сәуір, 2021
Сенат Төрағасы Жапония елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.