Тағайындау • 13 Қазан, 2020
Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Шымкентте карантин тәртібін бұзған көңіл-көтеру орындары анықталды
Шымкентте карантин ережелерін елемеген нысандар анықталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды
Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Елордада екі жүзден астам адам "Еңбек" бағдарламасы бойынша қайта оқытудан өтті
Биыл Нұр-Сұлтанда "Еңбек" бағдарламасы бойынша 220 адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді. Олар арнайы ұйымдастырылған курстарда жаңа білім алды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мереке Пішембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Қызылорда облысында техникалық реттеу саласының 70 маманы біліктілігін арттырды
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК жыл сайын өтеусіз негізде техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында оқыту жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қазан, 2020
Дания 2,5 миллион құндыздың көзін жоймақ
Данияның ветеринарлық мамандары коронавирус анықталған құндыздарды жоюға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Түркістан облысында санитарлық талапты сақтамағандарға 150 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысы бойынша барлық нысандардағы санитарлық талаптың сақталуын қоғамдық бақылау мүшелерінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылайды. Рейдтік тексеріске шығып, бас санитар дәрігердің қаулысын елемегендерге әкімшілік шара қолдануда. 53 мобильді топ карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Қазақстанға әскери сынақтар жүргізу үшін брондалған машина ұсынылды
Түріктің «Otokar» компаниясы тәжірибелік әскери пайдалануды жүргізу үшін Қазақстанның Қарулы Күштеріне «Arma» брондалған дөңгелекті машинасының үлгісін өтеусіз негізде беруге дайын, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Елбасының бастамасымен мұқтаж азаматтарға көмек көрсету үшін 5 миллиард теңге бөлінеді
100 мыңнан астам мұқтаж отбасыға "Birgemiz" қорынан көмек беріледі. Осы мақсатқа қордан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы материалдық көмекке бағытталады. Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қаражат қордың шотына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.