Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, зілзаладан зардап шеккен 962 адамның 743-і ауруханадан шығарылған, 147 адам ем-дом қабылдауда.
Реанимация бөлімшелерінде Түркияның батысындағы тоғыз тұрғын бар, олардың төртеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Кеше кешке Измир прокуратурасы Түркияның батысындағы жер сілкінісі аймағында құлаған үйлердің құрылысына қатысқан 11 адамның 9-ын қамауға алуға санкция берді.