Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6628 материал табылды

Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталды

1 қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда • 01 Қазан, 2020

Елордалық полиция 7 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әр учаскені максималды пысықтау жұмыстарын жүргізеді. «Учаске» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері жеті мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, бұзақылық, азаматтарды заңсыз тіркеу және басқалары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус • 01 Қазан, 2020

Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталды - министр

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен вице-министр Ажар Гиният брифинг өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Кино • 01 Қазан, 2020

"Құйын" фильмі Түркияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

Түркияда өткен 7-ші Yed-i Velayet халықаралық кинофестивалінде Рахымжан Қалдыкөздің  "Құйын" фильмі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 01 Қазан, 2020

Президент Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық Банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 01 Қазан, 2020

Үкіметте "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Қазақстандағы ең ірі жатақхананың құрылысы басталды

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 361 төсек-орынға арналған студенттік тұрғын үй кешені құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Қазгидромет фермерлерге арналған интернет-қосымшаны іске қосты

Интернет-қосымша министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Мақтааралдық кәсіпкер аудандық ауруханаға тікұшақ қонатын алаң салып берді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жергілікті кәсіпкер аудандық аурухананың жанында орналасқан өзінің жекеменшік жер теліміне тікұшақ қонатын алаң салып берді. Бұған дейін ауыр жағдайдағы науқастарды облыстық емдеу мекемелеріне жеткізетін тікұшақ елді мекен шекарасындағы егістік алқаптарға қонатын болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

"Жанұя" отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді

Бір жылдан бері елордада әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасылар үшін "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.