Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Түркістан жастары "Мен туымды мақтан тұтамын" акциясына белсене қатысты

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы мен қоғам белсенділері, өңірге танымал үздіктер жалпыұлттық "Мен туымды мақтан тұтамын" акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан жастары "Мен туымды мақтан тұтамын" акциясына белсене қатысты

Бұл акцияның негізгі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігінің басты нышаны рәміздерді еліміздің әрбір жасын құрметтеуге қалыптастыру. Қазіргі қоғамда теңінен таралып жатқан сыртқы күштердің еліміздің имиджіне нұқсан келтіретін әрекеттерге төтеп беру. Қай салада болмасын үздіктер қатарынан табылып, көк байрағымызды желбірету басты мұратымыз болатынын еске салу болатын.

ш

"Әрине, рәміздердің маңыздылығын дәріптеу бағытындағы шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Бірақ, қазіргі халықаралық деңгейде еліміздің имиджіне қарсы жасалып жатқан әрекеттер кезінде бойымызды тіктеу үшін, жастардың бойындағы жігердің жаналмауы мақсатында осындай акция өтті. Бұл кең ауқымды, республикалық шара болғандықтан Түркістан жастары да өз үлестерін қосуда", - деді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" басшысы Амалбек Өміртай.

пр

Сондай-ақ аталған акцияны Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы жастар да қолдап, мемлекеттік туымыздың мәртебесін көтеруге, қадір-қасиетін арттыруға үлес қосуда. Одан бөлек, тәрбиелік мәні зор бастаманы қолдағандардың қатары әлеуметтік желілерде де артып жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, акция тек қана Қазақстан аумағында шектеліп қалмау үшін үш тілде #КөкбайрағымМақтанышым, #Ягоржусьсвоимфлагом, #IsOurPride хэштегтері қолданылуда.