Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген.
Іс жабық режимде қаралғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров Астанада болған төбелес кезінде қаза тапқаны хабарланған еді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тергеу аяқталған соң іс сотқа жолданып, сот процесі биылғы қаңтар айында басталып, жабық форматта өткен.