Парламент • Бүгін, 15:57

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бұдан былай жауапкершілігі жоғары лауазым иелері міндетті түрде наркоскринингтен өтетін болады. Бұл туралы сенаторлар қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңда қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мұқсимовтың айтуынша, енді жыл сайын барлық мемлекеттік қызметшілер наркологиялық тексеруден өтуге міндеттеледі. Сондай-ақ мемлекеттік құпияларға қолжетімділігі бар қызметкерлер де осы тексеруден өтеді.

Оның айтуынша, наркоскрининг алдын ала жоспарланбайды және тосын сипатта жүргізіледі.

«Бұл жерде график бекітіліп, алдын ала хабарлау болмайды. Тексеру шешім қабылданғаннан кейін 48 сағат ішінде тосын жүргізіледі», деді Салауат Мұқсимов.

Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды: Күдіктілер өмір бойына сотталуы мүмкін

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметші тексеруден бас тарта алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бас тарту күдіктің негізділігін мойындау ретінде қарастырылып, қызметті жалғастыруға мүмкіндік бермейді.

«Заң алғаш рет есірткі заттарын қолдануды мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет ретінде қарастырады. Бұл қызметтен босатуға негіз болады», деді агенттік өкілі.

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Сонымен қатар, наркоскринингтен өту мемлекеттік қызметшілердің өз қаражаты есебінен жүзеге асады. Дегенмен заңда тексеру күні мен одан кейінгі жарты күнге демалыс беру қарастырылған.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар