Жанболат Кенжеғұл
Жанболат Кенжеғұл«Egemen Qazaqstan»
7531 материал табылды

Қазақстан • 02 Сәуір, 2021

Ауыл шаруашылығы министрлігі депутаттың сынына жауап берді

Ирина Смирнованың жолдаған депутаттық сауалында бірқатар түсінбеушілік бар, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Қазақстан • 02 Сәуір, 2021

Елімізде Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні атап өтіледі

Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында елдің әскери қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, егемендігін, экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге арналған. Әскердің бұл түрі ел Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылған. Бүгінде бөлімдер мен құрамалар өздерінің жауынгерлік машықтарын жетілдіріп, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді табысты орындай отырып, елдің мүдделерін қорғауға маңызды үлес қосады.

Қазақстан • 02 Сәуір, 2021

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Жалпы елімізде аутизмге шалдыққан 6 мың бала бар. Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 96,58%-ы тәрбие, оқыту және түзету-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді. 2020 жылдан бастап мектептерде аутизмі бар балаларды оқу процесінде сүйемелдейтін педагог-ассистент лауазымы енгізілді.

Бокс • 01 Сәуір, 2021

Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейдегі жаттығу жиынын аяқтады

Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы Ресейдің Кисловодск аймағындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2021

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын инспекторлардың саны артады

Жанжалдасудан зардап шеккендер 102 нөмірі бойынша немесе арнайы мобильді қосымшада, сондай-ақ телефон арқылы код сөзді айтып, көмек сұрай алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Карантин уақытында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі көбейген

Соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстардың саны екі есеге, ал балаларға қатысты қылмыстардың саны үштен бірге қысқарды. Карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы шиеленісе түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың саны 4,7% - ға өсті. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынымен алып қарайтын болсақ, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жоғары емес үлесі сақталып отыр және бар болғаны 1%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Медицина • 01 Сәуір, 2021

Денсаулық сақтау министрі халыққа есеп береді

2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В.Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын – Мұрат Әйтенов

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Б. Нарымбетов бастаған қалалық  мәслихат  депутаттары 137-орта мектептің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Үйқамақтағы Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді

Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген Елжан Біртановтың адвокаты экс-денсаулық сақтау министрінің денсаулығы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Футбол • 01 Сәуір, 2021

Футболдан Қазақстан құрамасы Украинамен тең түсті

Кеше түнде Украина астанасында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.