Қазақстан • 01 Сәуір, 2021

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын инспекторлардың саны артады

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанжалдасудан зардап шеккендер 102 нөмірі бойынша немесе арнайы мобильді қосымшада, сондай-ақ телефон арқылы код сөзді айтып, көмек сұрай алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын инспекторлардың саны артады

Ол полицияның үкіметтік емес сектормен тығыз ынтымақтастық орнатқанын жеткізді. Бүгінде 40-қа жуық дағдарыс орталығы зардап шеккендерді әлеуметтік оңалтуда полицияға көмек көрсетеді, олардың 30-ында баспаналар бар. Өткен жылы полиция қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған 11 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталықтарына жіберді, Сенім телефондары бойынша 8 мыңнан астам кеңес берілді. Ал «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы барысында өткен жылдың желтоқсан айында 17 мыңнан астам есепте тұрған азамат тексерілді, оның ішінде 11 мыңы - бұзақылар.


«Әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы полиция инспекторларына ерекше рөл берілетінін атап өту қажет. Сондықтан, биыл 25 ақпанда Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында осы полиция бөлімшелерінің штат санын нығайту қажеттігіне ерекше назар аударды.


Жақында ғана ішкі резервтер есебінен олардың саны екі есе артып, белгіленген стандарттарға жеткізілді. Бүгінгі күні әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау саласында жұмыс істейтін инспекторлардың штаты 248 бірлікті құрайды, ал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың штаты – 1 мыңнан астам. Мұндай лауазымдар енді әрбір аудандық полиция бөлімшесіне енгізілді», деді Комитет төрағасының орынбасары.