Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
5059 материал табылды

Қазақстан • 23 Маусым, 2020

Коронавируспен күрес: 343 адам "Халық алғысы" медалімен марапатталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Біз Біргеміз" онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz

Президент • 23 Маусым, 2020

Коронавируспен күрескен азаматтарға ескерткіш қою керек - Тоқаев

Бұл туралы "BIZ BIRGEMIZ" онлайн форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп жазады Egemen.kz

Коронавирус • 23 Маусым, 2020

Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?

Симптомсыз вирус тасымалдаушыларға қалай бақылау жүргізілетіні туралы  Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет • 23 Маусым, 2020

Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету.  «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан • 23 Маусым, 2020

Коронавирусты емдеуде гидроксихлорохин қалай пайдаланылады?

Науқас үшін қауіп-қатер мен пайданы ескере отырып, ол 5 күн бойы пайдаланылады. Бұл туралы ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева айтты, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстан • 22 Маусым, 2020

Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақшалар жабылады

Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Президент • 22 Маусым, 2020

Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Әлем • 22 Маусым, 2020

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек тапсырды

Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz