Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
42 материал табылды

Сұхбат • 26 Қазан, 2023

Дидар Амантай: Қоғамның барометрі – сенім

Ел болашағын биіктетудің ең кемел жолы – ұлттық санасы мығым, ақыл-ойы әлемдік классикалық інжу-маржандармен бекіген ойлы ұрпақ қалыптастыру. Дидар Амантай есімі Тәуелсіздік жылдарынан бергі оқырман қауымға етене таныс. Жазушы үнемі ізденісте, әрдайым жаңа белес өрінде. Оқырманға ауық-ауық жанартау секілді дүр сілкінісі сезіліп тұрады. Республика күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Әдебиет • 12 Қазан, 2023

Бесінші сауал

Шәкәрім – күрделі тұлға. Сірә, данышпандық дегеніміз тереңдікте жасырынған. Ал терең тұлғаға бойлайтын кісі де аз. Шәкәрім әлемін ашу, Шәкәрім әлеміне ену – асқан ыждаһат пен білімді қажет ететін іс.

Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2023

Елена Әбдіхалықова: Мені ақын еткен – тағдырым

Қоғамнан дара, жалғыздығын әлдилеп жан күшін сарыққан сан қырлы сирек таланттар бар. Олар шын өнерді ғана бағалап, көпе-көрінеумен, абыр-дұбырмен шектесе бермейді. Сол таланттың бірі – әнші, композитор, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова. Елена ханыммен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023

«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім...»

«Бір адамның бір ғұмыры маған аз ғой деуші едім...» Саттар Ерубаев. Небәрі 23 жасында дүниеден озған сара таланттың мұрасы уақытқа жүк. Сірә, ол бәрін біліп туған. Сондықтан да табиғаттың ерекше бітімі, бөлек перзенті.

Руханият • 05 Қыркүйек, 2023

Құдіретті құндылық

Ежелгі Бабылдан дүбірлі дүниеге тарыдай ша­шыл­­ған адамзат баласы­ның алғашқы ыдырауы­на тілдерінің өзгеруі себеп болған деседі. Дегенмен, діни құндылықтар­да тілдердің әркелкілігі – бөлінуге емес, бірлесуге һәм түсінісуге ұмтылыс екені айтылады. Иә, тіл – туыстыққа, ізгілік қор­ғанына бастар абзал құрал. Тілде ұлттың рухы мен жаны, өткені мен болашағы бар.

Сұхбат • 09 Шілде, 2023

Ханбибі Есенқарақызы: Билікке – мейір, халыққа пейіл тілер едім

Біртуар ақын Серік Тұрғынбекұлы «Хан қызындай Ханбибі» деп жырға қосқан Ханбибі Есенқарақызы апамызбен әңгімелесудің сәті түскен еді. Әр сөзі алдаспан рухтан, ағыл-тегіл жүректен шығатын батыр мінезді ақынның ойы тың, жаны әрнеге жаралы.

Сұхбат • 25 Мамыр, 2023

Қуаныш Жиенбай: Бүгінгі адамдардың ешнәрсеге таңғалмайтыны қалай?..

Арал тақырыбы – кең, ауқымды дүние. Сарқылмас тақырып турасында, сонымен қатар жаңа заманның әлеуметтік қырларын, қалтарыс-бұлтарысын аршып жазып жүрген қарымды қаламгер – «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Қуаныш Жиенбай. Жақында жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Тұлға • 14 Мамыр, 2023

Майдангер мерейтойы

Шынайы шығарма ерек тағдырдан туады. Ұлт жаны сынға түскен уақытта қару мен қаламын қатар ұстаған жазушылар шығармашылығы пікірімізге ай­ғақ. Өшпес өнеге, өмір­шең туын­дылары­мен рухани қорымызды ба­йытқан көркемсөз шеберінің бірі – Әскен Нәбиев.

Әдебиет • 03 Сәуір, 2023

Сүгір сарыны

Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» атты кітабы қолға түскелі, күйшілер әлемі ұйықтай қойнауына тартқан. Жазушының қазақы қалың мәнері мен ұлттық қанық бояуы бірден елітеді. Әсіресе күйшілер жайлы көсіп-көсіп жазғанда қазақ болып туғаныңызға қуанасыз. Осынау ұлы халықтың тектілігіне, әзіз жанына бас иесіз.

Әдебиет • 28 Наурыз, 2023

Әміре феномені

Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» кітабы – XX ғасырдағы ұлт әнші-сазгерлерінің бет-бедерін айқындар бірегей туынды. Ресейде оқып, шұңғыма білім алған Жұбанов әр өнерпазға тереңнен баға беріп, тебірене сыр шертеді. Әсіресе Әміреге келгенде кітаптың көрігі қызып, оқырманды қоңырсалқын ұйығына тарта түседі.