Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
821 материал табылды

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр

Атырау қаласындағы №241 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше жағдай жасалған. Учаске орналастырылған Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектепте бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді

Қостанай қаласындағы референдум учаскесінің бірінде ерекше көрініс байқалды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата дауыс беруге келген тұрғындарды қарсы алып, олармен сөйлесіп, дәстүрлі бата берді. Ол азаматтарға, отбасыларға және елге амандық пен бірлік тілеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Астанада референдум учаскесіне робот-итпен келген қыз жұрт назарын аударды

Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде  ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударды. Дауыс беруге ақ халат киіп, үйге арналған аяқкиіммен келген қыз қасына робот-итті ертіп алған. Ерекше перформанс көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді

Ақмола облысында дауыс беру күні ерекше көріністермен есте қалды. Кейбір тұрғындар референдум учаскесіне ұлттық дәстүрді көрсететін ерекше тәсілмен келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр

«Ел дауысы» қорының байқаушылары сайлау учаскелерінде таңғы уақыттан бастап азаматтардың көптеп келіп жатқанын тіркеді. Бұл туралы қор жетекшісі Аида Жексенова JexeNews телеграм каналында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді

Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де белсенді қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 13 Наурыз, 2026

Алматыда тәуелсіз байқаушылар штабының брифингі өтті

Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастар • 13 Наурыз, 2026

Жаңа Конституция жобасы жастардың құқығы мен мүмкіндігін қалай өзгертпек?

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Jastar X диалог алаңында «Конституциялық өзгерістер және жастардың ел дамуына қосатын үлесі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіру, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қолдау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 13 Наурыз, 2026

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілікті

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 57 жастағы шенеунік ұсталды. Бұл оқиға бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Ақпан айының соңында осы мәселе бойынша Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов пікір білдірген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 13 Наурыз, 2026

Қазақстанның пошта жүйесі ең үздік 40 елдің қатарына кірді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Халықаралық пошта одағының рейтингінде «Қазпошта» 52-орыннан 39-орынға көтерілді. Бұл еліміздің пошта саласындағы қызмет сапасының жақсарғанын және халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика