Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1837 материал табылды

Байқау • 04 Қыркүйек, 2024

Мақал-мәтел сайысы

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай, Маңғыстауда бірқатар іс-шара жоспарланған. Соның бірі – «Тілдарын» полиглоттар байқауы. Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтап, қолдау көрсету, көп тілді меңгергендерді өзгелерге үлгі ету. 15 және 30 жас аралығындағы жастар қатысатын сайыс көп тіл білетін нағыз жүйріктерді анықтайтын болады.

Жоба • 03 Қыркүйек, 2024

«Отпан» жобасы бастау алды

Маңғыстау облысында 50 тірек мектебін бекітіп, еліміздің жетекші мек­тептерімен ынтымақтаса отырып, кешенді әдістемелік қолдау тетіктері арқылы білім сапасын арттыру мақсатында тұңғыш рет «Отпан» жобасы іске асырылып жатыр.

Аймақтар • 28 Тамыз, 2024

Ақтаудағы жаңа оқу орны

Маңғыстаудың дамуын әртараптандыру – бүгінгінің басты талабы. Тек мұнайға сүйенбей, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы арттыру мақсатында Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. Жаңа зауытқа маман даярлау үшін 2023 жылғы қыркүйекте Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды.

Қоғам • 22 Тамыз, 2024

Шағын ауылдарға газ келді

Маңғыстау ауданындағы Тиген, Тасмұрын ауылдарының жері – мал баққан шаруаға, егін еккен бағбанға қолайлы өңір. Тұрғындардың басым көбі тұрмыс қамымен орталыққа көшкенмен, шаруашылығын жүргізіп отыр. Мал басын арттырып, табысын еселеп отырған отбасылар аз емес. Шағын ауылдың өзекті мәселесі де жеткілікті. Әсіресе ауылға газ тарту тұрғындар тарапынан ұзақ жыл бойы айтылып жүрген болатын.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2024

Мақсат – Ақтауды айшықтай түсу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды және жағажай туризмін дамытуды тапсырған еді. Оның үстіне былтыр Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау қаласы 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл мәртебе теңіз жағасындағы жалғыз қала үшін даму мен көркеюді жаңғыртуды қажет етеді.

Қоғам • 02 Тамыз, 2024

Ауызсу мәселесі шешіледі

Маңғыстау ауданының бірқатар аулы мен аудан орталығы Шетпе аулының кейбір шағын аудандарындағы шетін мәселе – ауызсу. Нақты айтсақ, аудан орталығынан шалғайдағы Тұщықұдық, Шебір ауылдарының тұрғындары іргесіндегі Көңдіқұдық жерасты суына қол жеткізе алмай келген еді. Бұл мәселе ауданның экономикалық-әлеуметтік мәселелерін шешіп, әлеуетін көтеретін «Маңғыстау ауданы серпіні» ­жобасынан тыс қалған жоқ.

Экономика • 31 Шілде, 2024

Жаңаөзенде зауыт ашылады

Өндіріске қажетті жабдықтарды өңірдің өзінде өндіру бастамасы – құптауға тұрарлық қадам. «ҚазМұнайГаз» компаниясының Жаңаөзенде бастаған зауыт құрылысы жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жергілікті бюджетке тү­сетін түсімдерді ұлғай­тып, өңір экономикасын әртараптандыруға ықпал етпек.

Экономика • 19 Шілде, 2024

Маңызды нысанға кешенді қолдау қажет

Маңғыстау атом энергетика комби­натының (МАЭК) қызметкерлері өз кәсіпорнын «Маңғыстаудың жүрегі» дейді. Бұл – бұлтартпас ақиқат. МАЭК өңір халқын сумен һәм жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Алайда кейінгі жылдары Ақтауда, кейбір ауылдарда су мәселесі ушыға түсті. Техникалық және ауызсу тапшылығы туындап, тұрғындар «судың кестемен берілгеніне де шүкір» дейтін күнге жетті.

Экономика • 18 Шілде, 2024

Пайдалы кәсіп

Жерасты суын өңдеп, ыдыстарға құйып са­ты­лымға шығару қос та­рапқа да пай­да­лы: кәсіпкер үшін – табыс көзі, тұты­ну­­шы үшін –құнарлы, таза ауызсу. Маң­ғыс­­тау ауданының Тұщыбек аулында іс­ке қосылған су құтылау цехы аталған ай­­мақ­­тағы жерас­ты суын халық игілігіне ұсын­бақ.

Қоғам • 17 Шілде, 2024

Шөлді өңірдегі шетін мәселе

Ағын суы жоқ, ауызсуға әуелден мұқтаж Маңғыстауда қазір жағдай күрделі. Кезінде шалғайдағы мал отарлары үшін қазылған құдықтардың тұщы суы ауыз­су қажеттілігін біршама өтеуге сеп болды. Соның өзінде жаңбырдың суын ыдыстарға жинауға, сыртын құммен бастырып, қар тоқтатуға тура келген. Ал бүгінде Маңғыстау өңірін мекендеген тұрғындар саны көшіп келушілер мен табиғи өсім нәтижесінде екі еседен аса өсті, сондай-ақ кеңшарлар таратылып, халықтың аудан орталықтарына, өңірдегі ірі қалаларға көшуі көбейді. Мал отарлары үшін қазылған құдықтардың көбі қажетсіз болып қаңырап қалып, ақыры құмға көміліп, жоқ болды. Бұл жағдайлар шөлді өңірде ауызсу тапшылығы мәселесін туындатты.