
Туризм • 07 Наурыз, 2025
Бозжыра мен Айрақты әлемдік саяхат тізіміне енеді
Маңғыстаудың географиялық орналасуы, табиғи тартымдылығы, тарихи-мәдени мұраларының молдығы мен сәулеттік ерекшелігі өңірдің туристік әлеуетінің аса қуатты екенін аңғартады. Аймақта туризм туралы айтқанда, бірінен бірі асып түсетін, бірінде жоқты бірі толықтыратын орындар мен нысандарды шабыттана баяндауға болады.