Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1249 материал табылды

Шахмат • 30 Қазан, 2023

15 жастағы чемпион

Қазақстан шахмат федерациясы «Freedom Broker» компа­ния­сы­ның демеушілігімен «Шахмат керуені» жобасы аясында ел аралап жүр. Дәл Республика күні керуен Орал қаласына ат басын тіреп, ойлылар ойынның өңірдегі үздіктерін анықтады.

Аймақтар • 29 Қазан, 2023

Қос спорт кешені ашылды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы – кезінде Тайпақ және Чапаев аталған екі ауданның біріккен атауы. Міне, Жайықты жағалай қонған осы елде бір күнде екі спорт кешені ашылып, пайдалануға берілді.

Құтқарушы • 26 Қазан, 2023

Бейбіт күннің батыры

Он сегіз мың ғаламды ақыл-парасатымен билеп, игілігіне жаратып отырған адам баласының да абдырап, көмекке мұқтаж болатын сәті көп. Әсіресе оқыстан болатын оқиға – от пен су, табиғи апат қиын. Қазақ оны бірауыз сөзбен «тілсіз жау» дейді.

Білім • 23 Қазан, 2023

Сербияға жолдама алды

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Азат Қаппанов республикалық «Ел үміті CUP 2023» дебатында «Үздік спикер» атанып, командалық ойында 2-орынды иеленді.

Аймақтар • 22 Қазан, 2023

Өлеңті қуанышқа бөленді

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылында су жаңа дәрігерлік нысан – фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 2025 жылға дейін 50 денсаулық нысаны салынбақ.

Сайлау • 20 Қазан, 2023

Сайлауға дайындық пысықталды

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов қанат­қақты режімде аудандар мен об­лыстық маңызы бар қалалардың әкім­дерін сайлауға дайындығын тексеру мақсатында Батыс Қазақ­стан облысына барды.

Көрме • 18 Қазан, 2023

Ақпәтер ауылындағы музей

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылындағы тарихи-өлкетану музейі жанынан ауылшаруашылық техникасының түр-түрі қойылған көрме ашылды.

Аймақтар • 16 Қазан, 2023

1,5 миллион теңге иесіне қайтарылды

Орал қаласында тұратын 84 жастағы әже 1,5 миллион теңгесі­­­­­­нен айырылып қала жаздады. Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жедел қимылдап, қаржыны иесіне қайтарды.

Қоғам • 16 Қазан, 2023

Жәңгір хандай жаңашыл университет

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универ­ситеті биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Еліміз­дің батыс аймағын жоғары білімді өндіріс мамандарымен қамтамасыз етіп, экономикалық және әлеуметтік дамуына сүбе­лі­ үлес қосқан университет бұл белеске үлкен нәтижемен жетті.

Жануарлар • 09 Қазан, 2023

Киік саны қалай реттеледі?

Елімізде, әсіресе, Батыс Қазақстан облысында киік саны тым көбейіп кеткені көптен айтылып келеді. Бір кездері жойылып кете жаздаған жануар енді төрт түлік малмен араласып, түрлі мәселе туындатты. Мал азығы мен су тапшылығы, эпидемия қаупінің күшеюі ақбөкеннің санын шектеу қажеттігін талап етіп тұр.