Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 27 Қыркүйек, 2025

Жұмысшы мамандығы қашанда ардақты

Президент Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіби білім жүйесін реформалау қажет деген еді. Расында, бұл сала оң өзгерістерге мұқтаж. Экономиканың тірегі де – осындай қарапайым, бірақ жауапкершілігі орасан жұмысты атқарып жүрген мамандар. Осы ретте облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен Көкшетау қаласындағы бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысшылар еңбегімен таныстық.

Өндіріс • 26 Қыркүйек, 2025

Сапалы өнім өтімді

Биыл Шортанды ауданының экономикасына 5 млрд теңгеден астам инвестиция құйылыпты. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 85 пайызға жоғары. Мол қаржы аудандағы әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайды жақсартып, шағын және орта бизнестің дамуына да септесті. Бозайғыр ауылын­дағы «Бозайғыр» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі келесі айдан бастап нарыққа сапалы кірпіш ұсынады. Кірпіш болғанда да кәдімгі көз үйренген, күйдірілген кірпіш қана емес, еуростандартқа сай кірпіш.

«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025

Бірлескен іс – береке бастауы

Жалпыхалықтық сенбіліктер Көкше өңірінде де кеңінен ұйым­дастырылды. Табиғаты тамылжыған өлке ақадал адамдардың алғаусыз ниетімен тағы бір жасарып, хас сұлудай сыланып, жайнап, өзгеше түрге енді.

Еңбек • 18 Қыркүйек, 2025

Әйел атқа қонса...

Қысы-жазы, жаздың қарға миын қайнататын ысты­ғын­да, қыстың сақыл­даған сары аязында мал бағу оңай шаруа емес. Қос білегін сыбанып, қолына құрық ілген келіншектің кәтепті қара нарға жүк болатын шаруаны атқаруы – өзгеге өнеге, миятты мысал.

ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025

Ауыл шаруашылығы саласының жүгі салмақты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына зор міндет жүктеліп отыр.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025

Жаңалыққа жеткенше жүйкең тозады

Аңғал батыр ауылының ақсақалдары ел газеті – «Егеменге» арыз-шағымдарын айтып арнайы хат жолдапты. Ондаған адам қол қойған, ел мұңын арқалаған хат мазмұнын жалғыз ауыз сөзбен түйіндесек, жандарына бататыны – жол жайы.

Еңбек • 06 Қыркүйек, 2025

Ұмтылғанның ырысы артады

Көкшетау қаласының тұрғыны Эльвира Мұқашева бес баланың анасы. Бүгінде пысық келіншек сүттен түрлі тағам дайындап, тұтынушылардың батасын алып жүр. Өнімдері облыстан тыс жерлерге де сатылып жатыр. Эльвира дайындаған буратто сыры, йогурт, айран, қаймақтың дәмін татқан көпшілік күн аралатып қайта келеді.

Туризм • 29 Тамыз, 2025

Туризм түйткілдері: қызмет сапасы қашан түзеледі?

Туризмнің табыс көзі екендігі бұрыннан белгілі. Әйтсе де табиғаты тамылжыған өлкеге ат басын бұрған туристердің өкпе-назы туындап жататын жай да бар. Оның дені көрсетілген қызметтің сапасыздығына байланысты. Мәселенің туындауына кадр жетіспеушілігі себеп болып отыр.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2025

Орақ науқанына сақадай сай

Биыл астықты алқаптар көз қуантады. Масағын әзер көтерген сабақтар сыңсып тұр. Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы ақық дән өсірілген ұшы-қиыры жоқ алқаптарда ел ырыздығының мол екенін аңғаруға әбден болады.

Шаруашылық • 22 Тамыз, 2025

Егінжайдан ескен леп

Жарқайың ауданының диқандары күзгі жиын-терінді бастады. Әзірге 15 мың гектар алқаптың бидайы мен арпасы бас­тырылып жатыр. 13,5 мың тонна астық жиналды. Гектар берекесі 9 центнерден айналып отыр.