Шаруашылық • Бүгін, 08:55
Облыс орталығынан қозыкөш жердегі Қонысбай ауылынан 200-ден аса жылқы жоғалыпты деген суыт хабар құлағымызға тиген соң барып қайттық. Шынында да жаманат хабар жай бола ма, мал сүмесімен күн көріп отырған малсақ қауым жүген ұстап қалыпты.
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Бектас атасы мен әжесінің бауырында өскен бала. Ес білгелі қариялардың тәлім-тәрбиесін көрген, өнегесін ұққан, үлгісін алған. Өзі оқуға сондай зерек. Шоқжұлдыздай шағын ауылда қайдан үйреніп алғанын кім білсін, ағылшын тілін білетін жалғыз өзі.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді
Кеше Көкшетауда Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақмола облысының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі кеңесі өткізілді. Кеңес «AqmolaDigital» алаңында өтіп, оған облыс әкімі Марат Ахметжанов, әлеуметтік сала вице-министрлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірдегі сала басшылары қатысты.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздегі адам капиталын дамыту мақсатында әділ әлеуметтік саясат жүргізудің маңызды тұстары нақты атап өтілді. Ақмола өңірінде Президент тапсырмасын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Талбесік • 24 Желтоқсан, 2025
Ақмола өңірі табиғи климаттық жағдайға байланысты қысқы туризмді, спорт түрлерін, экологиялық шараларды, отбасылық демалысты дамытуға, өткізуге өте ыңғайлы. Өңірге қысқы маусымда жыл сайын 300 мыңға дейін турист келеді.
Өшпес даңқ • 18 Желтоқсан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жас ғұмырын қиған жауынгерлердің рухына тағзым ету – парыз. Бүгінгі ұрпақ ерен ерлердің көкірегіндегі перзенттік махаббаттың пайымын түсінсе, сабақ болар еді.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың салған ісіне қайыспай қарсы тұру – қажыр-қайраты кемел адамдардың ғана маңдайына жазылған сыбаға. Кәтепті қара нар ғана көтеретін зілмауыр жүкті арқалай жүріп келешектің көкжиегіне сығалаған үлбіреген үміт сәулесі жан жүректерін жылытып, он екі мүшесіне сарқылып бітпес күш-қуат құятындай.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Қала іргесіндегі Садовый ауылында жеке кәсіпкер Бақытжан Мәметхан малдың қиынан биогаз, электр қуатын, тыңайтқыш өндіреді деген хабарды естіген соң жеткенше асықтық. Шын мәнінде солай екен.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Биыл көктен иіп, жерден беріп, өңір диқандары мол табысқа кенелді. Ырыздық жорығына қатысқан жігерлі жастар да аз емес. Соның бірі – комбайншы Диас Біләлов. Ол орақ науқаны кезінде 1830 га алқаптың егінін орып, 4 920 тонна астық бастырды.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Агроөнеркәсіп кешені заманауи технологияның арқасында ілкіден қалыптасқан түсінігімізді түбегейлі өзгертіп, жаңа белеске жол салып отыр.