Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Руханият • 15 Тамыз, 2025

Тіл тұғыры нығайып келеді

Өңірдегі тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық іс-қимыл жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді.

Шаруашылық • 14 Тамыз, 2025

Ырыздықтан үміт мол

Биыл ел ырыздығының еселене түсуіне барлық жағдай жасалып отыр. Қажырлы еңбектің арқасында егістік алқаптарда ақық дән мол деп айтуға әбден болады. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптың 80 пайызы жақсы, 1 миллион гектар алқап қанағаттанарлық деңгейде.

Абай • 14 Тамыз, 2025

Хакімге арналған сөз додасы

Бурабай баурайында бабадан қалған жыр байрағы көтеріліп, аймақтық айтыс өткізілді. Алаштың төл өнері мен мәдениеті шуақ шашқан күн болды бұл.

Абай • 13 Тамыз, 2025

Көкшедегі кемеңгер тойы

Хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай Көкшетауда өнегесі мол, өрісі кең, ауқымды іс-шара өтті.

Өндіріс • 30 Шілде, 2025

Өнімді еселеуге септеседі

Еліміздегі егістік алқаптардың 25 пайызға жуығы «Астана-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Аstana-Nan Chemicals» филиалында өндірілген химиялық дәрі-дәрмекпен өңделеді. Жыл озған сайын егіншілік мәдениеті жан-жақты дамып, топырақ құнарын арттыру, көк өскінді аурудан қорғау орайындағы жетістіктер қолға алынып жатыр. Жер емшегін емген диқан қауым табиғаттың сараң мінезіне төтеп беріп, мол өнім алуға ынталы. 26 жыл бойы олар біз сөз еткелі отырған кәсіпорынның өнімдерін пайдаланып келеді.

Талбесік • 25 Шілде, 2025

Жанға жайлы жасыл желек

Шортанды ауданын­да еліміздегі ең ірі жеке­мен­шік орман тәлім­бағы жұмыс істейді. Жаңа жобаның жалпы құны – 6 млрд теңге. Бүгінде 485 га алқапқа көшет егіп отыр.

Өшпес даңқ • 24 Шілде, 2025

Тағдырдың жолы сан тарау

Майдан даласында табысып, шаңырақ көтерген Лидия мен Ақылбек Қиықовтар – 61 жыл тату-тәтті ғұмыр кешіп, еліне еңбегі сіңген адамдар. Өнегелі өмір жолдары да кісі қызығарлық.

Тарих • 19 Шілде, 2025

Тостаған

Кіреберістегі терезенің астында төңкеріліп жатыр екен. Көзіме оттай басылды. Баяғыда жарықтық әжем шаң жұқтырмай, тап-таза шүберекпен сүртіп, көзінің қарашығындай сақтайтын дүние. Бұл күнде ешкімге керегі жоқ сыңайлы.

Мәдениет • 18 Шілде, 2025

Қымыздың қадірі артты

Ілкідегі қонақжай халық қасиетті тағам туралы осылай дер еді. Таяуда зерлі Зеренді баурайында «Қымыз Fest» фестивалі өткізіліп, бағалы сусынның бабын білетіндердің басын қосты.

Өндіріс • 18 Шілде, 2025

Тер төккеннің несібесі бар

Сулы, нулы Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы күміс көлдерде балық өрістетуге әбден болады. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Есіл бассейні бойынша балық шаруашылығы қорын халықаралық маңызы бар Есіл өзені, республикалық маңызы бар Сілеті және Нұра өзендері құрайды. Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы №А-11/489 қаулысымен Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне жалпы ауданы 166180,31 гектар және 715,5 шақырым 632 су айдыны енгізілді.