Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024
Қысқы жолдың бойында жазатайым оқиға көп. Түтеген ақ боранның, сақылдаған сары аяздың, қаңтарда жауған жауынның әсерінен пайда болған көктайғақтың салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндіретін оқыс оқиға жиілеген. Бір-біріне соғылып, қаусаған техника өз алдына, жол үстінде ажал құшқандар да аз емес. Апат сыры неде?
Тәрбие • 17 Қаңтар, 2024
Көптен ат ізін салмаған ауылға, түп нағашымызға барғанбыз. Біраздан көріспегендіктен бе, құшағын жайып қарсы алып, қуанып қалды. Жаман тұмаудан кейін жүздесу сиреп кетті ғой. Қала тұрмақ ауылда да дидарласа бермейді. Әдейі іздеп келген жиендерін қауқылдай қарсы алған нағашымыз шаруа жайын ыңғайлап бола бере асқа қараңдар деген мезірет білдірді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» екінші платформасын қолдау мақсатында құрылған болатын.
Субсидия • 11 Қаңтар, 2024
Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін аса қолайлы бола қоймады. Қазір көктемгі егісті ойлап, көңіл күпті. Шаруаның шырайын келтіріп тұрған субсидия болатын болса, шағын шаруа қожалықтарына бұйырмай тұр. Тапшылық шамамен 20 миллиард теңге деңгейінде.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Түлік төресі тебіндейтін жайылымдарды көкпеңбек шыңылтыр мұз қаптап, жұмыртқадай жып-жылмағай еткен. Күннің қабағынан тайсалған малсақ қауым қаншама жылдан бері төлінен өсірген малын жілігі татымайтын бағаға сата бастады.
Қылмыс • 26 Желтоқсан, 2023
Малсақ қауымның бар бейнетін арқалап, әупірімдеп өсіріп отырған түлігін тегін олжа көретін баукеспелер азаймай тұр. Оңай олжаға құныққандары соншалық, обал-сауапты да ұмытқан.
Ауыл • 21 Желтоқсан, 2023
Таяуда Балкашин ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды. Шығармашылық үйі мен музыка мектебі пайдалануға беріліп, ел ертеңі санатындағы жас ұрпақ өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлықты жас жүректерімен сезініп, арқа-жарқа қуанып жүр.
Мәдениет • 12 Желтоқсан, 2023
Жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына мейлінше мол сіңірген адал да арлы, саналы да парасатты азамат болуы керек-ақ. Бірақ сол тәрбиенің тінін қалай бекітеміз деген сауал бүгінде ел ертеңін ойлайтын адамның бәрін толғандырып жүргендігі хақ. Мысал іздеп төңіректі шоламыз. Жылт еткен жаңалық болса құба-құп. «Жүрген аяққа жүргем ілігеді» демекші, қияндағы Жақсы ауданының Белағаш ауылында жан сүйсінтерлік жақсы іс бар деп естідік.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Туырылып түскен қазы-қарта мен жал-жаядан басқаға тәбеті тарта қоймайтын Көкшетау мен Қараөткелдің арасындағы қалың қазақ жылдық асы – соғымдарын байлай бастады. Елдегі ағайынның өз несібесі бар. Әңгіме қала тұрғындарының қазанына түсер ас жайында.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2023
Степногор қаласында жылу жүйесінде апат орын алып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сақылдаған сары аязда жылусыз қалды.