Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Шаруашылық • 22 Мамыр, 2025

Шаруаның көңілі күпті

Ақмолалық диқандар былтыр рекордтық көлемде астық жинап, бөріктерін аспанға атқан болатын. Биыл көктемгі егіске тастүйін дайындықпен келді. Жалпы көлемі 5,5 миллион гектар жерге тұқым сіңірілмек.

Өндіріс • 13 Мамыр, 2025

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

«Бурабай» вагон жөндеу депосы» 1935 жылдан бері жұмыс істейді. Әуелде жүк ва­­гон­­дарын жөндеген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде же­­ңіс­­ті жақындатуға қомақты үлес қосыпты. Қазір бір жылда 2 400 вагонды күрделі жөндеуден өткізетін қуатқа ие.

Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025

Қызылжар қырандары

Шоқ жұлдыздай шағын ауылдың төл тарихы әріден жылға тартады. Жар басына қонған екі ауыл қатар өрбіп, төсекте басы, төскейде малы қосылып, біте қайнасып кеткен. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары ұйымдасып шаруашылық құрады. Сол тұста «Абай» ұжымшары атанған.

Өшпес даңқ • 01 Мамыр, 2025

Батыл сержант

Ел қорғаған ерлердің бойындағы қаһармандық кейінгі ұрпақ үшін әдемі үлгі. Бүгінгінің баласының көкірегінде туған жерге деген махаббат аталар жатқан жырақтан тұтануы керек.

Қоғам • 01 Мамыр, 2025

Сөз киесі

Аумағы атшаптырым кітапхананың кең бөлмесінде жаңа жинақтың тұсаукесері өткізілмек. Адам қарасы баршылық екен. Іштей сүйсініп қал­дым. Сөз сыйлайтын, кітап оқитын адам­дар көзіңе жылы ұшырап тұра­ды ғой. Өз ауылының төл тари­хын екшеп, ұзақ жыл тер төгіп жазған ел аға­сы әдейі шақырып еді.

Шаруашылық • 30 Сәуір, 2025

Ел ырысын еселеуге әзір

Мемлекет басшысы алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейту міндетін қойып отырғаны белгілі. Әрине, Президент айтқандай, еліміздің 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға мүмкіндігі бар.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2025

Сағы сынған саябақ

Макинск қаласының тұр­ғындары екінші жыл қа­тарынан саябақ­та­рының жайын айтып дабыл қағып келеді. Спор­тив­ный көшесінің бойындағы ша­ғын парктің бір бүйірі адам көргісіз. Ағаштары шіріп, батпаққа айналған.

Қоғам • 30 Сәуір, 2025

Тарих тағылымы – тәрбие өзегі

Көкшетауда «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шаруашылық • 19 Сәуір, 2025

Шаруаларға дем беретін кәсіпорын

Көкшетаудағы «ҚазАгроМаш» зауыты ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қажетті құрылғыларды шығарады. Зауыт өнімі ақық дән өсіретін алқаптарда тәжірибеден өтіп, саладағы сұранысты өтеп отыр.

Таным • 16 Сәуір, 2025

Әжемнің «сейфі»

Атажұрттағы қара шаңырақта отырған кенже ұл қоныс аударуға бел байлапты. Елдің үлкендеріне дәм беріп, баталарын алып аттанбақ. Бізге де ішінде болыңдар деген хабар жетті. «Өздерің өскен үйде бір қонып кетіңдер. Енді ондай сәт туа қоймас» деген. Хабарды естіген кезде ішім уылжып кетті. Ара-тұра, әсіресе үлкен айтта ауыл­ға бара қалғанымызда ат басын тірейтін қара орма­ны­мыз еді.