Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Баспаналы болу – бір бақыт. Таяуда зеренділік көпбалалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды. Он отбасы үшін ақ түйенің қарны жарылған осынау сәт көптен күткен ақжарылқап оқиға еді.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Биыл Ақмола облысында жергілікті маңыздағы жолдарды салуға және жөндеуге 66,1 млрд теңге қаражат бөлініп, 130 жоба жүзеге асырылмақ.
Ең қысқа әңгіме • 10 Шілде, 2024
Елдегі Есенбай ағай құрмалдық бермек. Қырық жылдан астам уақыт бойы ауылдың шаң-тозаңын жұтып, еңбек етті. Енді, міне, зейнет демалысына шықпақ. Бір күн ерте бардық. Құрмалдықтың дәмімен бірге, елге деген сағыныш тағат таптырмаған. Ағай дайындық қамында екен. Алыс-жақындағы тілектес, ниеттес қауымның басын қоспақ. Қыс бойы жемдеулі тұрған малын сойғалы жатыр. Жарты етін қаладан келген алушыға сатпақ. Өз айтуына қарағанда, құрмалдыққа жартысы да еркін жетпек. Қасапшы терісін сыпыруға дайындалғанда, қаладан келген аларман «жығылған жағы менікі» деп қолқалады. Бала кезімізде талай көрген сурет. Көпті көрген ақсақалдар соғымның жығылған жағына ұмтылатын. Біз мән бермеуші едік. Тірі малдың еті ауып кете қоймас деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, шынымен, жығылған жақтың еті, қазысы тығыз болады екен.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Ақмола облысында үш бала тәрбиелеп отырған шаңырақ тағы үш нәрестенің іңгәлаған дауысымен нұрланып, өмірдің базарына айналды.
Өнер • 06 Шілде, 2024
Сонау 1990 жыл. Шағын қаланың ішінде «Темірқазық» қазақ жастар орталығы ашылыпты деген хабар желдей ескен. Қазір ғой, орталық, ұйым дегендерге көз үйреніп, көңіл қаныққаны. Қандай орталық екен дескен тосын, таңсық жаңалықтан құлақтанған жұрт. Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, әдет-ғұрпымызды тірілтіп, төл өнерімізді өрістетуді мақсат тұтқан деседі.
Саясат • 05 Шілде, 2024
Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысындағы аудандардың тұрғындарымен кездесу барысында өңірлермен бірге жұмыс атқару кезінде жергілікті халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілетінін айтты.
Туризм • 04 Шілде, 2024
Курортты өлкенің тынысы қайтсе кеңейеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі өткізілген кеңесте экология мәселесіне арнайы тоқталды. Туризм саласын дамытудың түйінді жайлары сараланып, салаға серпіліс беретін тұстарын қолмен қойғандай айтып берді.
Өндіріс • 02 Шілде, 2024
Степногор тау-кен химия комбинаты мыс-молибден кендерін өндірумен айналысады. Негізгі кен орны – Қызылту. Бір ғажабы кендегі мыстың құрамы 25 пайызға дейін жетед
Табиғат • 02 Шілде, 2024
Табиғаттың жүзіне кіреуке түспесін...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы халықтың қолдауына ие болып, қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Ауыл-аймақпен бірге курортты өңірдің сұлу табиғат аясы да тіршіліктің шаң-тозаңынан арылып, сұлудай сыланған бұла күйін қайта тапқандай.
Оқиға • 28 Маусым, 2024
Сөз қадірі бөз қадірінен арзандап кеткен заманда арыдағы Алаш жұрты «оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес» деп кесімді сөзін келісті етіп айтқандығын жадымыздан шығармасақ керек-ті. Дарқан даланың даналығын бойына жинаған данышпан аталарымыз сөз өнерін ұлттық құндылық ретінде кейінгі ұрпағына мұра қылып қалдырған.