Қоғам • Бүгін, 10:32
20 күнде 4,2 млрд доллар табыс: Алтын бағасының өсуі ел резервіне қалай әсер етті?
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша, 2025 жылы алтын бағасы 53 есе рекордтық деңгейге жетті, ал биржалық қорларға (ETF) жыл сайынғы қаражат ағыны 89 миллиард долларға дейін өсті, бұл байқаулар тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Нью-Йорктегі SPDR Gold Trustты қоса алғанда, ірі алтынмен қамтамасыз етілген ETF-дегі алтын қоры 29 желтоқсанда 1073,41 метрикалық тоннаға жетті, бұл 3 жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш. Алтын орталық банктердің резерві ретіндегі позициясын күшейтіп жатыр. Сарапшылар оның долларды алмастыра алатын мүмкіндігіне назар аудара бастады. Өсім драйвері тағы да сұраныс. Қызығы, биыл алтыннан кейін күміс те рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 23 Қаңтар, 2026
Қарызын төлемеген банктерге байланысты не өзгерді?
Енді банктерге мемлекет алдындағы қарызын өтеп, тыныш өмір сүруден өзге жол қалмай тұр. Бұрын банктерге мемлекет қолдау көрсеткенде түрлі тетіктер қолданылатын. Ұлттық банк жеңілдікпен субардинацияланған облигациялар банктер арасындағы бәсекеге кері әсер етті. Бұл банктің шығынын мемлекеттің мойнына артып, акционерлерін тасада қалдыратын. Енді бәрі өзгерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мемлекеттен қаржылай қолдау алған банктердің акционерлеріне дивиденд төлеу, акцияларды кері сатып алу және ірі акционерлердің үлесін қысқарту тәртібін қатаңдатты, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 13 Қаңтар, 2026
Ислам банкінің екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде?
«Банктер және банк қызметі туралы» Заң дәстүрлі банктерге алғаш рет исламдық терезелерді – шариғаттық қағидаттар бойынша қызмет көрсететін ішкі бөлімшелерді ашуға рұқсат береді. Сарапшылардың айтуынша, ислами бағыттағы қаржыландыру тетіктерінің дамуына кедергі жоқ. Бірақ қоғам тарапынан түсініспеушілік болып отыр. Қоғам Исламдық қаржыландыруды «пайызсыз несие» береді немесе тек мұсылмандарға қызмет көрсетеді деп пайымдайды. Іс жүзінде ол – нақты заңдық формалары, халықаралық стандарттары және қатаң реттелуі бар әлемдік қаржы жүйесі. Бұл туралы «Қазақстандағы исламдық қаржы: оқыту, тәжірибе, даму» семинарында жан-жақты айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қаңтар, 2026
Алматы хайуанаттар бағы тұрғындарды шыршаларға екінші өмір сыйлауға шақырды
Қаңтар айының соңында жаңа жылдық шыршалар қоқысқа шығарылады. Лақтырылған шыршалар бойынша нақты цифрлар жоқ, бірақ Алматыда 2026 жылғы 18 қаңтарға дейін хайуанаттар паркі үшін (жануарлар мен ортаны байытуға арналған) тірі шыршалар жиналып жатыр және қала тұрғындарын оларды лақтырудың орнына тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 09 Қаңтар, 2026
Теңге мен рубльдің арасы неге алыстап кетті?
Өткен 2025 жыл Қазақстанның ұлттық валютасына қатысты жағымды жаңалықтар көп болды. Он екі айдың қорытындысы көрсеткендей, теңге ресейлік рубльден кейін қозғалатын әдетін тоқтатып, валюта бағамы бойынша жаңа моделге көшті. Егер қаңтардың басында бағам бір АҚШ доллары үшін 525,1 теңгені құраса, желтоқсанның аяғында ол 502,6 теңгеге дейін төмендеді. Сарапшылар теңге мен ресей рублі арасындағы корреляцияның толық жоғалуын жылдың басты қорытындысы деп атады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
«Қазақтелекомның» 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтер бағасын көтеретіні туралы хабарламасы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бірі белгіленген тарифпен үш жылдық келісімшарт жасасқанын, алайда баға бәрібір өсетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Санкция • 22 Желтоқсан, 2025
Лондонның Ресейге санкциясы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Ұлыбритания ресейлік «Татнефть», «Русснефть», «Руснефтегаз» және «ННК-Ойл» компанияларына қарсы санкциялар енгізді. РИА Новости тізімге барлығы 19 ұйым және бес жеке тұлға қосылғанын жазды.
Бизнес • 13 Желтоқсан, 2025
Қазақ бизнесі Олжас Сүлейменовті ұлттық брендке айналдырды
Алматыда өткен Олжас Сүлейменовке арналған ақындар кеші ақын мен қоғам қайраткеріне деген құрмет қана емес. Ол корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жаңа, әзірге сирек кездесетін үрдісті белгіледі: қазақстандық бизнес отандық мәдени тұлғалар төңірегінде дербес және ауқымды жобаларды іске қоса бастады. Мәдени бастамалардың жаңа сегменті бизнеспен интегарциялана бастады. Жаңа толқын өткен ХХ ғасырдың толқынының кумирине айналған тұлғаны осы ғасырдың көзқарасымен қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Желтоқсан, 2025
Алматыда құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар талданды
NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық жаңғыртудың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.